«Зимний фестиваль знаний 2025»

Білімді меңгерту мен қорытындылауда kahoot қосымшасын қолданудың тиімділігі

Жалпы және орта білім беретін ұйымдарда Kahoot бағдарламасын қондыру арқылы мектеп оқушыларымен жұмыс жасау өте қолайлы әрі тиімді. Оқытушы заман талабына сай тестілеу жүйесін меңгере алады, ал әрбір оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасы арта түседі. Бұл бағдарламаны пайдаланудың екі тиімді жағы бар: біріншіден оқытушы мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнайды, екіншіден оқушылар арасында бәсекелестік туындап, тиімді шешу жолдарын ұсынып, жаңа мәліметтер мен тақырыпты толық ашуға қызығушылығы оянады.

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

БІЛІМДІ МЕҢГЕРТУ МЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАУДА KAHOOT ҚОСЫМШАСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ



Қазіргі уақытта жаңа ақпараттық технологиялардың енуі Қазақстанның еуропалық оқыту жүйесінің кеңістігіне қадам басуына, сонымен қатар білім жүйесінің жаппай модернизациялануы оқушыларға білім беру және оларды бағалау жүйесін түбінен қайта қарауды талап етуде. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде кең масштабты модернизация үрдісі жүзеге асырылуда: оқытудың жаңа мазмұны мен формасы ізделуде, интерактивтілік принциптерінің орындалуын қамтамасыз ететін жаңа білім беру технологияларын құруда, жеке басқа бағдарланған әдістерді кеңінен қолдануда – қашықтықтан оқыту, жобаларды және жағдайларды талдау әдістері, тестілеу жүйесі және білімді рейтингтік бақылау. Аталған жаңа енгізулердің ішіндегі қазіргі кезде ерекше аталатыны тестілеу жүйесі – бұл оқыту үрдісіндегі жаңа сапалы деңгей. Оқу материалдарды меңгеруін бақылауы әртүрлі тестілеу бағдарламалардың көмегімен жүргізіледі. Бұл білімді ақпараттандыру бағытының негізі болып табылады. Білім беруде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолданудың норма ретінде болуы және оның келешекте білім беру жүйесінде дамуы – ақпараттандыру деңгейінің жоғарлығына байланысты. Ескеретін жағдай, соңғы жылдары білім тәжірибесінде дәстүрлі тесттер (стандарттандырылған тесттер жиынтығы) бірте-бірте аса тиімді онлайн тестілеу формасына алмастырылуда. Осыған орай онлайн тест құруға арналған жаңа бағдарламаның бірі Kahoot қосымшасы болып табылады. Бұл бағдарлама қазіргі кезде жиі қолданысқа енгізілуде. Kahoot қосымшасы арқылы оқушылардың, студенттердің білім деңгейін опеатив тексеруге болады. Бұл интернет желісі арқылы жүзеге асады.


  1. сурет Kahoot.it сайты


Kahoot қосымшасы оқу жылындағы барлық материалдарды толық қамтып, білімді меңгертуге арналған тест сұрақтарын құруға мүмкіндік береді. Оқушылармен тығыз қарым - қатынас орнатуға, сонымен жаңа матералды тереңдете түсу үшін Kahoot қосымшасын кең көлемде қолдануға болады. Kahoot класста немесе аудиторияда қолдануға негізделген, яғни оқытушы тестті негізгі экран бетіне шығару арқылы, ал оқушылар сұрақтарды талқылап, жауаптарын смартфон, компьютер немесе планшет (қалта телефондары) арқылы жолдай алады. Ол үшін виртуальды класс бөлмесіне кіру үшін оқушылар оқытушы айтқан арнайы құпия санды енгізулері қажет. Бұл сервис әрбір оқушының сұраққа қалай жауап беріп отырғанын, сондай ақ барлық ұжымының үлгерім диаграммасын, жеке оқушының өз нәтижесін арнайы кестеден бақылауына мүмкіндік береді. Kahoot қосымшасы арқылы тіркелуші интернет желісі қосулы болған жағдайда шексіз жұмыс жасай алады. Сонымен қатар Kahoot - қа шексіз көлеміде сұрақ енгізуге болады. Сыныптағы оқушылардың білім, білік деңгейіне және қызығушылығына қарай, өзіңіз онлайн тест құрастыра аласыз. Бұл тест құру жүйесі оқушының ойлау қабілетін дамытып қана коймай, сабаққа деген ынтасымен талпынысын арттыруға көмектеседі. Төменде Kahoot қосымшасына тест тапсырмаларын енгізу кезеңдері көрсетілген.

2.сурет Тіркелу бөлімі

3. сурет Тест құру бөлімі. Quiz батырмасын басу арқылы келесі бөлімге көшеміз.

4. сурет Тест атын енгізу. Құрылатын тесттің аты немесе пәннің атын енгізіп Go батырмасын шертеміз.

5. сурет Сұрақты енгізу. Сұрақты енгізу (график,сурет немес видео енгізуге болады). Сонымен қатар Time limit бөлімінен уақытты белгілеп кетуге болады.


6.сурет Жауаптарын енгізу. Жауаптарды енгізу және дұрыс жауабын міндетті түрде белгілейміз(Incorrect- Correct)

7. Сурет Келесі сұрақты енгізу

Келесі сұрақты +Add quesion батырмасын пайдаланып қосасыз. Егер сұрақты өшіргіңіз келсе – Delete question батырмасын, ал көшірмесін алғыңыз келсе + Duplicate батырмасын басыңыз. Барлық шарттарды орындап болғаннан кейін Save & continue батырмасын басыңыз , сонда экранға төмендегі бет пайда болады.

8. сурет Бұл бөлімнен сұрақтарды тағы бір тексеріп Save & continue батымасын басамыз.

9.сурет Бұл бетте Primary audience бөлімінен керек нұсқаны таңдап аласыз.

10. сурет Тест дайын, тестті бастау бөлімі

11. сурет Тестті жіберу(Launch)


12. сурет Жоғарыда айтылып кеткендей оқытушыларға арнайы құпия сан беріледі.

13. сурет Оқушылар Kahoot.it сайтына кірген кезде экранда мынадай бейне пайда болады. Олар құпия санды енгізу арқылы келесі бөлімге өтеді.

14. сурет Әрбір оқушы өзінің аты жөнін енгізуі керек.


15. сурет Проекторда немесе негізгі экран бетіне тест сұрақтары көрсетіледі.


16. сурет Ал оқушылардың смартфондарында немесе компьютерлерінде жоғарыда бейне пайда болады. Оқушылар экраннан сұрақты оқып дұрыс деген жауапты фигуралар бойынша таңдап белгілейді.


17.сурет Жауап “Дұрыс емес” Жауап “Дұрыс” белгіленген жағдайда


18. сурет Бейнесұрақ жасау мүмкіндігі көрсетілген.


19. сурет Нәтижесінде экран бетінде барлығына бірдей жоғарыдағы бейне пайда болады.


20. сурет Оқушылар немесе студенттер өз нәтижелерін бақылап қорытынды жасау мүмкіндігіне ие болады.


Жалпы және орта білім беретін ұйымдарда Kahoot бағдарламасын қондыру арқылы мектеп оқушыларымен жұмыс жасау өте қолайлы әрі тиімді. Оқытушы заман талабына сай тестілеу жүйесін меңгере алады, ал әрбір оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасы арта түседі. Бұл бағдарламаны пайдаланудың екі тиімді жағы бар: біріншіден оқытушы мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнайды, екіншіден оқушылар арасында бәсекелестік туындап, тиімді шешу жолдарын ұсынып, жаңа мәліметтер мен тақырыпты толық ашуға қызығушылығы оянады.


1.Kahoot.it

2. К.О.Өмірбаева «Оқыту процесіндегі Инновациялық ізденістер» Ақтөбе 2002ж

3.К.Сарманова «Тест дайындау тәсілдері» «Қазақстан мектебі» 1999 ж, №9

4. К.Мұқашева «Тест әдісінің тиімділігі», «Ауыл мектебі» 2004 ж, №6


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее