«Зимний фестиваль знаний 2025»

Бейнелеу өнері "Табиғат аясында"

4 сынып Бейнелеу өнері. Тақырыбы:Табиғат аясында

Олимпиады: ИЗО 1 - 7 классы

Содержимое разработки



Тақырыбы: Табиғат аясында

Сабақтың мақсаты : а) Пейзаж жанры туралы теориялық мағұлмат беру 
ә) Оқушылардың жыл мезгілдерін бейнелеу 
дағдыларын дамыту. 
б) Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін 
арттыру.

Сабақтың түрі : Жаңа ұғымды меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі : Түсіндіру, баяндау, практикалық жұмыс. 

Сабақтың көрнекілігі : Жылдың төрт мезгіліне арналған белгілі 
суретшілер жұмысынын дайын слайды,авторлар 
суретінің слайды. 

Сабақта пайдаланылған әдебиет : "Бейнелеу өнерінің оқыту әдістемесі "
4 сынып Алматы ,"Атамұра" 2001 ж.

Пән аралық байланыс : Әдебиет , жаратылыстану.

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақты жеткізу.

1) Қызығушылықты ояту сәті .
-Оқушылар,сабағымызды бастамас бұрын мына суреттерге қарайықшы.
Мұнда не бейнеленген ?
-Табиғат 
-Жылдың қай мезгілінің табиғаты ?
(осылайша дайын 4 мезгілге арналған слайдтар көрсетіліп , оқушылардан жауаптар алынады ) 
-Табиғатты бейнелеу тек біздің сабағымызда емес, сонымен бірге әдебиетте де ерекше орын алады. Қандай өлең, шығармаларды білесіңдер осы тақырыпқа арналған деп 3 немесе 4 оқушыдан сұраймын.

ІІ. Мағынаны тану .

1) –Ендеше , бүгінгі біздің сабағымызда біздерде жыл мезгілдерінің бірін бейнелейік. Бейнелеу өнерінде де әдебиеттегідей жыл мезгілін, табиғатты Бейнелеуді пейзаж деп атайды. Пейзаж – табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма. Пейзаж-француз сөзі. Бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. -Бүгінгі күннің жадын, тақырыпты дәптерлеріңе жазыңыздар 
(Тақырып, күннің жады жазылған слайд шығады).


2) Табиғатты бейнелеу техникасы түсіндіріледі.
- табиғаттың адам өміріндегі маңызы 
- табиғатты бейнелегенде басым түстер туралы 
- бізді қоршаған ортада түрлі түстердің кездесетіндігі 
- барлық түсті шеберлікпен пайдалану керектігі жөнінде айтылады. 

3) Оқушылардың практикалық жұмысқа дайындығы тексеріледі.

4) Практикалық жұмысты бастау .Ол үшін салынған дайын слайд, 
эскиздер кезектестіре отырып, техникасы түсіндіріледі. Өзі қалаған 
жерге салған суреттерін іледі, оған қалғандары өз бағаларын береді.

ІІІ. Ой толғаныс.


Шығармашылық тапсырма
1) Табиғат аясында жүріп сурет салуды қалай айтады?
2) Қазақтың атақты суретшісі ?
3) Графика , живопись, мүсін өнері жиынтығы қалай аталады ?
4) Қазіргі заман талабына өте қажетті өнер ?
5) Бояудың түрі ?
6) Затқа түскен сәулені қалай атаймыз ?

1. Белгілі суретшілердің мысалы И.Ливитанның 
"Алтын күз"т.б. суреттері , авторлары көрсетіледі.


2. Пейзаж дегеніміз не болды?
Кері байланыс
3. Үйге тапсырма : Жұмысты үйден аяқтау тапсырылады. 
4. Бағалау 

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее