«Осенний фестиваль знаний 2024»

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МӘТІНДІ ОҚУ ЖӘНЕ ТҮСІНУ САПАСЫН АРТТЫРУ 3 СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН Құрастырған : Г.Ш. Шалабаева

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МӘТІНДІ ОҚУ ЖӘНЕ ТҮСІНУ САПАСЫН АРТТЫРУ 3 СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Қазақстанның зияткерлік «Бәйтерек» мектебі

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МӘТІНДІ ОҚУ ЖӘНЕ ТҮСІНУ САПАСЫН АРТТЫРУ

3 СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН

Құрастырған : Г.Ш. Шалабаева

2016-2017 оқу жылы

Етікші мен эльфтер

(әдеби мәтін)

Бұрынғы өткен заманда бір етікші өмір сүріпті. Өзі еңбекқор болыпты.Күн демей, түн демей еңбектеніп, аяқ киім тігеді екен. Күндердің күнінде жұмысы жүрмей, кедейленіп кетіпті. Аяқ киім тігетін былғарысы да таусылыпты. Етікші жан дүниесі таза адам болатын. Ол қалдықтарды біріктіріп, яғни кебісті құрақтардан құрап отырғанында кеш батады. Етікші «қалғанын ертең тігермін» деп, шеберханасын жауып, үйіне кіреді де, ұйықтауға жатады.

Келесі күні етікші ұйқысынан ерте оянады. Күндегі әдетінше алдымен Құдайға сыйынып, таңғы асын ішеді. Енді кешегі кебісін тігіп бітірейін деп шеберханасына келеді. Міне, ғажап аяқталмай қалған кебісі тігіліп, дайын тұр екен. Етікші өз көзіне өзі сенбеді. Сөйтіп, шеберхананың жанынан өтіп бара жатқан кісі кебісті көріп, ұнатып ақысын артығымен төлеп сатып алды. Етікші дүкенге барып, былғары мен аяқ киім тігетін бұйымдар сатып алады. Қатты шаршап тұрған ол: «Тынығып алып,ертең тігейін» деген оймен үйіне қайтады. Ертеңінде шеберханаға келсе кебістер дайын тұр. Оларды да бір жолаушы сатып алып ақшасын аямай береді. Бұл оқиға күнделікті қайталана береді. Кешкісін пішіп кеткен аяқ киімдер таңертең дайын тұрады. Бір күні ол әйеліне мынандай ұсыныс айтады:

-Бүгін түнде етігімізді тігіп, бізге көмектесіп жүргеннің кім екенін көрсек қайтеді. Әйелі келіседі. Олар түнделетіп шеберханаға келіп, жасырынады. Түн ортасы ауғанда шеберханаға екі кішкентай эльф келеді. Олар пішіліп тұрған былғарыны тез-тез тіге бастайды. Жұмысты бітірген соң эльфтер көзден ғайып болады. Етікші мен әйелі эльфтер тігіп бітірген кебістерді көреді. Ешқандай мін таба алмай, таң қалады.

Келесі күні әйелі етікшіге:

-Бұл кішкентай эльфтер бізге байлық әкеледі. Оларға рахмет айтуымыз керек. Біз үшін әбігерленіп жүр.Аяқтары жалаң аяқ.Тоңып жүрген шығар. Мен оларға үстеріне киетін киім,аяқтарына шұлық тігіп берейін,-дейді. Етікші әйелімен қуана келіседі. Әйелі эльфтерге арнап шалбар,күртеше, бас киім, кебіс дайындайды. Енді олар эльфтердің келгенін күтіп, өздері жасырынып қалады. Уақыт аз өттіме, көп өттіме белгісіз,әйтеуір бір кезде есік ашылып, шеберханаға сол баяғы екі эльф кіреді.Олар күнделікті әдетінше кебіс тікпек болып үстелге жақындайды.Үстелдің үстінде шалбар,күртеше,көйлек,шұлық, кебіс және бас киімдердің жатқанын көреді.Олар киімдерді киіп алып, риза болып қуанады. Эльфтер би билеп,ән айтады. Осылай әндетіп билеген күйі далаға шығады.Сол кеткеннен эльфтер қайтып оралмады.Етікшінің еңбегі жанып, табысы артып, әр жұмысы сәтімен аяқталынатын болды. Сөйтіп етікші адал еңбегінің арқасында мақсат-мұратына жеткен екен. 

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1.Етікші қандай адам еді? 

___________________________________________________________________________________________________________________________________ 

2.Ұйқыдан тұрған мезетте алдымен не істейді? 

А) таңғы асын ішеді 

Ә)беті қолын жуады 

Б) құдайға сыйынады 

В) шеберханасына жүгіреді 

3.Ол шеберханасына кіргенде қандай күйде болды? 

____________________________________________________________________________________________________________________________________

4.Кебісті сатып алушылар ақысын қалай төлейді? 

А) қуана-қуана төлейді 

Ә) артығымен төлейді 

Б) сұраған ақшасын береді 

В) артық ақшасын қайтаруды сұрайды 

5.Етікші үйіне қайтар кезде не жұмыс бітіреді? 

____________________________________________________________________________________________________________________________________

6.Етікші мен әйелі қандай әрекет жасамақшы болады?Неліктен? 

____________________________________________________________________________________________________________________________________

7.Етікші мен әйелі шеберханада қандай оқиғаға тап болады? 

____________________________________________________________________________________________________________________________________

8.Әйелі етікшіге қандай ұсыныс жасайды? 

А)оларды (эльфтерді) қуып жіберейік 

Ә) оларға киім,аяқтарына шұлық тігіп берейік 

Б) оларға тамақ жасап берейік 

В) аяқтарына шұлық тігіп берейік 

10.Көңілденген эльфтер не істейді? 

А)киімдерді киіп кетіп қалады 

Ә)киімдерді ұнатпай тастап кетеді 

Б)көңілденген эльфтер етікші мен әйеліне алғыс айтады 

В) көңілденген эльфтер би билеп, ән айтады 

11.Әңгіменің басында етікші қандай жағдайда болды?Осыған екі мысал келтір. 

____________________________________________________________________________________________________________________________________

12.Әңгіменің соңында етікші қандай жағдайда болды? Оған не себеп болды? 

____________________________________________________________________________________________________________________________________ 

Құстар

(ақпараттық мәтін)                               

Құстар - омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді: 

  1. алғашқы құстар – археоптерикс; 

  1. тісті құстар

  1. қырсыз жалпақ төстілер – түйеқұстар, киви, пингвиндер; 

  1. қырлы төсті құстар

Құстар — жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғы аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. 

Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі. 

Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар(жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған. 

Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте жақын болған. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы – олардың ауада ұша алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған, төс, сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа, көбінің іші ауаға толы қуыс болғандықтан және бір-бірімен жіксіз тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл әрі берік. Құстарда тек құйымшақ безі ғана болады (ол су құстарында жақсы жетілген). Жүрегі 4 камералы. Зат алмасу процесінің тез және қарқынды жүруі – олардың ұшуына қажетті энергия бөлінуін және дене температурасының тұрақты әрі жоғары болуын (38 – 41°С) қамтамасыз етеді. Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралы ғана емес, денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді және шамадан тыс салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды.  

Ас қорыту органдары қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Ұшу кезінде құстардан көп энергия бөлінетіндіктен, жоғары калориялы қоректі қажет етеді. Тыныс алу жүйесі ұшуға байланысты ерекше өзгеріске ұшыраған. Құстардың ішкі органдары мен бұлшық еттері арасында және тері астында жалпы көлемі өкпеден едәуір үлкен 9 – 10 ауа қапшықтары болады. Олар өкпемен кеңірдек арқылы байланысқан. Сондықтан құстар ұшу кезінде қанатын жайғанда кеуде қуысы кеңейіп, өкпеге енген ауа осы ауа қапшықтарына өтеді. Ал қанатын қомдағанда кеуде қуысы кішірейіп, ауа қапшығындағы ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет (дем алған кезде және дем шығарған кезде де) тотығады. Оны қосарлы тыныс алу деп атайды. Бұл тек құстарға ғана тән қасиет. Құстардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, миы үлкен, ми сыңарлары, көру орталығы, мишығы жақсы жетілген. Құстардың сезім органдарының дамуы әр түрлі. Тез ұшатын үкі, жапалақ, басқа да жыртқыш құстардың көзі жақсы жетілген. Иіс сезу көп құстарда жетілмеген, ал дыбыс есту қабілеттілігі жақсы дамыған. Құстардың көру және есту органдарының жақсы дамуы, олардың алыс және жақын кеңістіктерді игеруіне, мезгілімен қоныс аударып, түрішілік және түраралық қатынас жасауына әсер етіп, құс тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Құстар 1-ден 20 – 25-ке дейін жұмыртқа салады. Оны 12 күннен 80 күнге дейін басады. Құстар өсімдіктерді тозаңдандырып, олардың тұқымдарын таратады, зиянды жәндіктер мен кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы санын реттеуге қатысады. Кейбір түрлері бау-бақшаға, егістікке зиянын тигізіп, әр түрлі жұқпалы, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын таратады. 

1868 ж. Вена қаласында (Aвстрия) алғаш рет құстарды қорғау туралы ресми шешім қабылданған. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген. 

Мәтін бойынша тапсырмалар.

1.Алғашқы құстар қалай аталады? 

А)археоптерикс; 

Ә)тісті құстар; 

Б)қырсыз жалпақ төстілер  

В)қырлы төсті құстар. 

2. Құстардың алдыңғы аяқтары ненің қызметін атқарады? 

_________________________________________________________________________________________________________________________________ 

3. Кесірткеқұйрықтылар туралы не айта аласың? 

_________________________________________________________________________________________________________________________________ 

4.Желпуішқұйрықтылар туралы не білдің? 

_________________________________________________________________________________________________________________________________ 

5.Қазақстан құстарын мекен ететін орындарына қарай қалай бөлеміз? 

А) шөл,шөлейт,орман ,су құстары деп бөледі. 

Ә) орман, су,шөл, ашық дала құстары деп бөледі. 

Б)орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі. 

В) тау,ашық дала,су, орман  құстары деп бөледі. 

6.Алғашқы құстар несімен ерекшеленеді? 

_________________________________________________________________________________________________________________________________ 

7. Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралымен қатар қандай қызмет атқарады? 

____________________________________________________________________________________________________________________________________

8.Құстарға ғана тән қасиет не? 

____________________________________________________________________________________________________________________________________

9. Қазақстанда қандай құстар «Қызыл кітапқа» енген?Неліктен? 

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Райымбек батыр ерлігі.

(әдеби мәтін)

Ерлік табиғаты қалың көпшіліктің түсінігіне сия беретін іс емес. Махамбет:

Халыққа тентек атанбай, Ерлердің ісі бітер ме ?,- деген. Ерлік болмысында тентектік бар. Ерлікті түсіну үшін де мерзім керек. Ерлік те –  ғашықтық сияқты құбылыс. Шын берілу қажет болса, құрбандыққа іштей даярлық болады. Ер адам мерт болам демейді, себебі оған қуат беретін – намыс.Бұл жөнінде мақал да тура айтылған: “Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді”. Ерлік деген бір сәттік көрініс емес, ерлік – батырдың қалыпты жағдайы. Ерлік табиғаты тылсым. Нағыз ерлер ер атанам деп ерлік жасамайды. Ерлік адамның өз болмысынан шығады. Ерлік жасап атымды қалдырам дегендер де болады, бірақ олар туралы әңгіме бөлек. Ал, бүкіл болмысы, ғұмыры ерлікке толы жандар болады, міне, сондай адам – Райымбек бабамыз.

 Мәтін бойынша тапсырмалар.

  1. Батырдың бойындағы ерлік пен батырлық ұғымдарының мәнін қалай түсінесіздер?

А. Адам бойындағы мақтаншақтық

В. Адам бойындағы төбелеске құштарлық

С. Әрқашан алға қойған мақсатты орындау

Д. Әрқашан алға қойған мақсатты орындау

Е. Елі үшін, жері үшін ешқашанда тайынбайтын, тайсалмайтын, халқы үшін құрбан болуға дайын,үлкен рух.

  1.  Ерлік тек ерлер, батырлардың ғана ісі ме?

АИя, оны тек ерлер ғана істей алады

В. Ия, батыр боп туған адамдардың ғана ісі

С. Жоқ, ерлік және батырлық адамгершілігі бар, әр адамға тән қасиет.

Д. Білмеймін.

Е. Иә, ерлікті батырлар ғана жасайды

  1. Ерлік адам болмысының қандай қасиеті?

А. Мейірімділік қасиеті

В. Қорқақтық қасиеті

С. Жалқаулық қасиеті

Д. Сабырлылық қасиеті

ЕЕң жоғарғы адамгершілік қасиеттің бірі

  1. Ер адам мерт болам демейді, себебі, оған қуат беретін – … не нарсе?

А. Намыс

В. Өжеттік 

СІскерлік

 Д. Еңбекқорлық 

Е. Спорт

Жолдыаяқ – ақылды ит

(әдеби мәтін)

Жолдыаяқ екеуіміз бұта-жыңғылдардың арасымен өтетін жалғыз аяқ жолмен келе жаттық. Бір кезде Жолдыаяқ жақын тұрған бұтаның арғы шетіне жүгіріп барып, алдыңғы аяғын көтеріп тұра қалды. Мен итімнің бұл қылығына таң-тамаша болып, оған жақындадым. Оның қарсы алдынан құрдың балапаны шыға келіп, қайтадан бұта-бұтаның арасымен жорғалап қаша жөнелгенін көрдім. Бір қызығы, Жолдыаяқ оны қуған жоқ, дереу кері бұрылып, бұтаны бір айналып өтті де, екінші бір жерге барып қайтадан артқы аяғымен тік тұра қалды. Қарасам, тағы да балапан құрдың алдынан шығыпты. Байғұс құр не істерін білмей, енді тіпті басқа жаққа қаша жөнелді. Жолдыаяқ бәрібір оны жібермеді, өзге иттер құсап артынан қуып аса көп қиналмай-ақ, тағы да алдынан шықты. Құдды бір өзінің асқан ақылдылығын танытып, құрдың кеткен бағытын дәл аңғарып, оның одан кейін не істейтінін қапысыз бағдарлай алғанын білдіргендей, үнемі оның жолын кесумен болды. Бір қызығы, оған тиіспейді де, ойын ойнағандай масаттанып, «не істейін» дегендей, мен жаққа қарап қояды. Ал құрдың балапаны болса, шыр-шыр етіп, қалай қашса да қарсы кезігіп, амалы таусылып, шыбын жанын қоярға жер таппады. Мен оны қатты аяп кеттім.

–     Жолдыаяқ, болды енді, тиіспе!- деп дауыстадым итіме. Сол-ақ екен, Жолдыаяқ оны әурелеуін қойды. Көзімен ұзатып сап, ойыны қанған баладай өзіне-өзі разы болып, тілін салақтатып қасыма келді. Құрдың балапаны бір бұтадан екіншісіне кетіп, одан үшіншісіненасып, көзден ғайып болды.

Осылайша, Жолдыаяқтың асқан ақылдылығына әбден көзім жетті.

Мәтін бойынша тапсырмалар.

  1. Шығарманың идеясына сәйкес келетін жауапты таңдаңыз?

А. Бала мен ит

В. Ит пен балапан

С. Балықтар

Д. Қыдыру

Е.Жеті қазынаның бірі, баланың досы әрі серігі -Жолдыаяқтың ақылдылығын паш ету

  1. Егер сіз баланың орнында болсаңыз қандай әрекетке барар едіңіз?

А. Ешкімнен қорықпаушы едім.

В. Итіме қарамаушы едім.

С. Жолдыаяққа тиіскізбей, балапанды ұясына шейін апарып салушы едім.

Д. Балапанды өзіммен алып кетуші едім.

Е. Ешқандай әрекетке бармаушы едім.

  1. Мәтінге басқаша қандай тақырып лайық деп ойлайсыз?

А. Төрт мезгіл.

В. Жыл мезгілі 

С. Жолдағы оқиға 

Д. Құстар

 Е. Алма ағаштары

Торғай мен адам

(әдеби мәтін)

Өткен  заманда  бір саяхатшы  тор құрып қойса, торына  кішкене  бір торғай  түсіп қалыпты. Торғайды адам қолына  ұстап үйіне апара жатса, торғай тілге  келіп былай депті:

– Мен  кішкене торғаймын, союға жарамаймын, қапасқа  салсаң құсалықпен өлемін. Мені  еркіме қоя бер, кең дүниеге жібер. Ақысына сізге екі ауыз ақыл айтайын, – депті.

– Кәне, ақылыңды айт, – депті адам.

– Жарайды, бір ауызын  қолыңда , бір ауызын жерге  түскен соң айтайын. Өйткені  қос қолдап қысып  тұрғанда, өкпем қысылып  ештеңе айта алмаймын, – депті торғай.Аңшы босатыпты.Бірінші – өткен іске өкінбе, екінші-көзбен көрмей  сенбе! – депті. Торғай  анадай  жерге  қонып отырып: – сен ештеңені білмедің,  менің бөтегемде  жұдырықтай гауһар бар еді, – дейді. Адам қонып  отырған торғайды ұстауға  тұра ұмтылыпты.Торғай  әр жерге  ұшып  қонып ұстатпайды.Адам қуып қоймаған соң ,адамға былай дейді: «Менің жаңағы айтқан  өсиетіме түсінбепсің, өзің ақылыңа салшы, менің өзім жұдырықтай жоқпын, менің бөтегеме ондай   зат қалай сыяды? Бұл бір. Екінші – мен саған  ұстатпаймын, қанатым бар. Сондықтан өткен іске өкінбе» – деп ұшып кетті.

1.Мәтінде қандай нақыл сөз айтылған?

А. Қапасқа  салсаң құсалықпен өлемін

Б. Өткен іске өкінбе, көзбен көрмей  сенбе!

В. Менің бөтегемде  жұдырықтай гауһар бар еді.

Г. Менің жаңағы айтқан  өсиетіме түсінбепсің, өзің ақылыңа салшы, менің өзім жұдырықтай жоқпын, менің бөтегеме ондай   зат қалай сыяды?

2.Адамның торғай айтқан нақыл сөзді ұқпағанын қайдан білуге болады?

А. Адам торғайды жіберіп қойды.

Б. Адам торғайды қуа жөнелді

В. Адам торғайдың сөзіне сеніп қалды.

Г. Торғайдың сөзіне алданып қалды.

  1. Адам қандай? Мінездеме бер? Дәлелде.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4.Торғай Адамның нақыл сөзді ұққан- ұқпағанын қалай тексеріп көрді? Үзінді келтір.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

5.Торғай адамға неге ұстатпады?

А. Ағашта қонып отырды        Б. Торғай жүгіргіш

В. Торғай босап кетті               Г. Торғайдың қанаттары бар.

  1. Мәтін арқылы автор қандай идея айтқысы келді. Өз сөзіңмен жаз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

7.Берілген мәтіннің жанры қандай?

А. Ертегі   Б. Аңыз    В. Мысал               Г. Мақал

8.Мына пікірлердің қайсысы мәтін оқиғасының  қорытындысына сәйкес келеді?

А. Торғай өз ақылының арқасында ажалдан құтылды.

Б. Адам ақымақ болған соң торғайды қуды.

В. Торғай адамды ақылды еткісі келді.

Г. Өткен іске өкінбеу керек.

Ғажайып адам

(ақпараттық мәтін)

(1)Қазақ ауылына келгенде Қажымұқан басқаша нөмірлер көрсетіп жүріпті. (2) Таулы жерде кездесетін жиырма пұттық тас таптырып, оны бүкіл ауыл жабылып кеудесіне қойғанда, былқ етпестен,қалжыңдап сөйлеп жата береді екен.

(3) Қажымұқан тақтайларды біріне-бірін қиюластыра шегелетіп,жалпақ платформа жасатады да , астына өзі жатады. (4) Жылқышылар сол «көпірдің» үстімен бір үйір жылқы айдап өтеді.

(5) Кейін ауылға автомобиль келген кезде, шалқасынан жатып, үстіне қақпа сияқты жалпақ тақтай қойдырады да, ішіне адам лық тола отырған машиналарды бірінің артынан бірін өткізеді екен. (6) Бұл нөмірді ол «Зайкин нөмірі» деп атапты.

(7) Цирк өнері тарихында Қажымұқан орасан зор дене күшімен қатар, бойына ауыр салмақ түсетін жауапты сәтте өзінің бұлшықеттері мен бүкіл денесін жұмылдыра білудің құпиясын, асқан шеберлігін терең меңгерген атлет. (8) Өз ісін жақсы білетін цирк әртістері ол туралы: «Мұндай адам өмірге жүз жылда бір –ақ рет келетін болар» дейтін.

(9) Иә, олар ақиқатын айтқан еді. (10) 20-ғасырда атлеттік цирк өнерінің тарихында Қажымұқанға теңдес адам болған жоқ. (11) Бұл - деректі шындық.

(12) Ол шын мәнінде ғажайып адам еді.

Мұратхан Тәнекеев

Мәтіндегі таныс емес сөздер: ____________________________________________________________________________________________________________________________________

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1.Қазақ ауылына келгенде Қажымұқан көрсеткен нөмірлерін ретімен нөмірле?

_____________Қажымұқан тақтайларды біріне-бірін қиюластыра шегелетіп,жалпақ платформа жасатады да , астына өзі жатады. Жылқышылар сол «көпірдің» үстімен бір үйір жылқы айдап өтеді.

_____________Кейін ауылға автомобиль келген кезде, шалқасынан жатып, үстіне қақпа сияқты жалпақ тақтай қойдырады да, ішіне адам лық тола отырған машиналарды бірінің артынан бірін өткізеді екен.

_____________Таулы жерде кездесетін жиырма пұттық тас таптырып, оны бүкіл ауыл жабылып кеудесіне қойғанда, былқ етпестен,қалжыңдап сөйлеп жата береді екен.

2. Цирк өнері тарихында Қажымұқан орасан зор дене күшімен қатар,қандай құпияны меңгерген атлет?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Өз ісін жақсы білетін цирк әртістері Қажымұқан туралы не айтты? __________________________________________________________________

4.20-ғасырда атлеттік цирк өнерінің тарихында Қажымұқанға теңдес адам болды ма?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

5.Ол шын мәнінде қандай адам еді?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

6. Бұған дейін Қажымұқан атамыздың ерлігі туралы шығарма оқыдың ба? Қалай аталады? __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

7.Мұндай алапат күш иесі болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар? Әлде Қажымұқан Мұңайтпасов бірден алапат күшке ие болып туылды ма?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Қажымұқан Мұңайтпасов туралы қосымша деректер

Мұқан 1871 жылы Қараөткел ауылында (Ақмола облысы) дүниеге келген. Шыққан тегі – Орта жүздің Қыпшақ тайпасының атақты батырлар шыққан алтыбас руынан.

Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды.

Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады.

Жақсылардың жақсысы

(әдеби мәтін)

Баяғыда бір ақылгөй қарияның жалғыз қызы болыпты. Қария бірнеше бөлмелі, жарық, биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйінің айналасы бау-бақша екен. Қарияның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралады. Қыз кірмеген жалғыз ғана бөлме қалды. Ол бөлме жабық тұратын.

Бір күні қыз қарияға:

-Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге қарағанда жақсырақ қой деп ойлаймын,-дейді.

- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған берем. Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарды әкесі.

Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп, бойжетеді. Қария қызына жабық бөлменің алтын кілтін ұсынады. Қыздың қуанышы қойнына сыймай жүгіріп келіп, есікті ашып жібереді. Сонда оның көргені-ұршық, өрмек және кітап. Олардан өзге түк жоқ. Қыз әкесіне келіп, көз жасын бұлап тұрып:

-Әке, сен жабық бөлмеде жақсылардың ең жақсысы бар деген едің. Мен онан ұршық, өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым,-деді.

-Міне, жақсылардың жақсысы деген –осылар, қызым! Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білімің артады. Жарық дүниеде бұдан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады,- деп түсіндірді қария.

Р. Босилек, болгар жазушысы

«Жақсылардың жақсысы» мәтіні бойынша тапсырмалар

1.Қарияның ойынша дүниедегі жақсылардың жақсысы нелер?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

2.Ұршық пен өрмектің жақсылардың жақсысының қатарына қосылуының себебін қалай түсіндірді?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Кітаптың жақсылардың жақсысының қатарына қосылуының себебін қалай түсіндірді?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

4 . Өзіңе осы аталған үш затты ( өрмек, ұршық, кітап) дүниедегі жақсылардың жақсысы деп ұсынса қуанар ма едің?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

5. Өзің осы аталған үш затты ( өрмек, ұршық, кітап) дүниедегі жақсылардың жақсысы деп ойлайсың ба?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

6. Сен үшін дүниедегі жақсылардың жақсысы нелер және оларды не үшін жақсы деп ойлайсың? __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

7. Венн диаграммасын толтыр.

Қарияның ойынша жақсы заттар Сенің ойыңша жақсы нәрселер

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ортақ

_____________________________________________________________________________

Интернат наны

(әдеби мәтін)

(1)Қыстың қысқа күні асханадағы тілдей қара наннан басталады. (2)Ештеңе өзгермеген. (3)Әлтай бүгін кезекші емес, содан да қабағы салыңқы. (4)Кезекші болмаған күні мектепке барар жолдағынан дүкенін қалайда бір сүзіп өтеді. (5)Дүкенші сары әйел ұдайы ашулы болады. (6)Әлтайдың карточкасы жоқ екенін біледі де:

-Бар айда!-деп қуып жіберетін.

(7)Бүгін де мектептен қайтқанда шыдамай, Әлтай нан дүкеніне қайай кіріп кеткенін өзі де білмей қалған. (8)Кіруін кірсе де,сатушы ұрсар ма екен деп қипақтаған. (9)Бірақ сары әйелдің жүзі жарқырап, қабағы жазылған. (10)Сақ-сақ күледі. (11)Күледі де, пештен шыққан дып-жылы нанды күндегідей тілдей етіп тілмей, бөлке бөлкесімен беріп жатыр. (12)Карточка емес ақшаға беріп жатыр. (13)Дүкеннің іші нанға тіреліп тұр(14)Жарықтықтың иісі жұпардан жүз есе артық.

(15)Әлтай интернатқа алып-ұшып жетіп, асханаға кірсе, күндегі тілдей тіліктердің орнына жарты бөлкеге жақын нан қойылған екен.

(16)-Ал, қарындарың тояды енді! (17)Карточка жүйесі жойылды! (18)Нан молайды. (19)Сендерді нан күнімен құттықтаймын! –деді интернат меңгерушісі. (20)Бұл 1947 жылдың 16-ақпаны еді.

(21)Әлтай сонда әлгі нанды тауыса алсашы! (22)Әшейінде бұралақтап ауызға бір-ақ асайтын асты тауыса алмай, тойды да қалды.

Шерхан Мұртаза.

Мәтіндегі таныс емес сөздер: ____________________________________________________________________________________________________________________________________

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1.Мәтінде неше сөйлемнен құралған?

__________________________________________________________________

  1. Мәтін не туралы?

3.Қыстың қысқа күні неден басталады. __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

  1. Әлтайдың бүнінгі көңіл күйі қалай және ол неге байланысты?

__________________________________________________________________

  1. Кезекші болмаған күні ол не істейді?

а) Асханаға бармайды.

ә) Мектепке барар жолдағы нан дүкенін қалай да бір сүзіп өтеді.

Б) Мектепке бармайды.

6. Карточка жүйесі жойылғанға дейін дүкенші апайдың көңіл –күйі __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

7.Карточка жүйесі жойынғаннан кейін дүкенші апайдың көңіл-күйі, әрекеті қалай болы?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________

8. Автор нанның иісін қалай суреттеген?

__________________________________________________________________

9. Карточка жүйесі қай уақытта жойылды:

__________________________________________________________________

10. Карточка жүйесі жойылғаннан кейін интернат асханасында нан қалай берілді?

А) Күндегі тіліктей тіліктердің орнына жарты бөлкеге жақын нан қойылған.

Ә) Ештеңе өзгермеді.

Б) Нан мүлде берілмеді.

11. Бұл мәтін арқылы біз неге үйренеміз?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Венн диаграммасы.

Осы мәтін арқылы соғыстан кейінгі кезең мен қазіргі кезеңді салыстырып көр. Ұқсастықтары қандай?

соғыстан кейінгі кезең ұқсастығы

Ит пен мысық неге араз болды?

(әдеби мәтін)

Ертеде ит пен мысық өте тату болған екен. Екеуін де адам асырап, үйінде ұстапты.

Күндердің бір күнінде адамның май сіңген тері дорбаға салып сақтап жүрген алтыны жоғалады. Қанша іздесе де, табылмайды. Алтыннан айрылған адамның күйі тайып, жүдеулене бастайды. Тапқан-таянғаны ішіп-жеуге жетпеуге айналады. Мұны көрген ит пен мысық қатты қынжылып, қожасының жоғалған алтынын іздеуге кіріседі. Екеуі ой-қырды аралап, бармаған тауы, баспаған жері қалмайды. Ақыры титықтап, үйлеріне қайтады.

Ит пен мысық ұнжырғасы түсіп, үнсіз келе жатқанда, кенет қожасының май сіңген дорбасының иісі мұрындарын жарып жібере жаздайды. Қуанғаннан ит қыңсылап, мысық мияулап жібереді.

Ит айнала жүгіріп, тіміскілеп, ақыры бір тышқанның інін тырналап қаза бастайды. Мысықтың қуанышы қойнына сыймай, аңдып қарап отыра береді. Ит көп азаптанып, тышқан інінің түбіне жетсе, алтын салынған майлы дорбаны тышқан тығып қойған екен. Ит:

-Мынаны көрдің бе?-деп алтын салынған дорбаны мысықтың алдына лақтырып тастайды. Мысық сол кезде иесіне жақсы атанбақ болып, иттен бұрын алтынды ала қашады. Мысық үй-үйдің төбесімен қарғи жүгіріп, иесіне жетеді де, алтынды тастай салады.

Мұны көріп, қожасы қуанып кетеді. Мысықты бауырына басып, аймалай береді. Сөйтіп тұрғанда қара терге түсіп, сабалақ-сабалақ болып, арсалаңдап ит те жетеді. Келген бойда қожасының аяғына оралып, қыңсылай еркелейді. Ештеңені түсінбеген ол итін теуіп, жекіріп қуып тастайды. Жәбір көрген ит ызаланып, мысыққа тап береді. Қожасы арашалап, екеуін зорға айырып алады да, мысықты үйіне алып кетеді. Сол күннен бастап итті үйіне жолатпайды.

Мінеки, содан бері ит пен мысық бір-бірімен араз болыпты.

«Ит пен мысық неге араз болды?» мәтіні бойынша тапсырмалар

  1. Ертеде ит пен мысық қалай, және қайда өмір сүріпті?

А) араз болып, адам асырап, үйінде ұстапты

Б) өте тату болып, далада өмір сүріпті

Ә) өте тату болып, адам асырап, үйінде ұстапты

2. Адам алтынын қайда сақтап жүрген?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Күндердің бір күнінде адам сақтап жүрген алтынын не істейді?

А) жоғалтып алады Б) сыйға береді

Ә) сатып жібереді В) жерге көміп қояды

4. Алтыннан айрылған адамның көңіл-күйі, тұрмыс жағдайы қалай өзгере бастайды?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________

5. Иесінің алтыны жоғалғаннан кейін ит пен мысық іс әрекетінің тәртібін нөмірлеңіз.

_______екеуі ой-қырды аралап, бармаған жері, баспаған тауы қалмайды.

_______титықтап үйлеріне қайтады.

_______қатты қынжылады

_______жоғалған алтынды іздеуге кіріседі

6. Алтынды таппай ұнжырғасы түсіп, үнсіз келе жатқан ит пен мысық нені сезеді?

А)дәмді тамақтың иісін

Ә) қожасының май сіңген дорбасының иісін

7. Қожасының алтын салған дорбасының иісін сезген ит пен мысықтың көңіл-күйі қалай өзгереді?

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

8. Алтын салынған дорбаны табу үшін иттің істеген мысық іс- әрекетінің тәртібін нөмірлеңіз.

_______айнала жүгіреді

_______көп азаптанып, тышқан інінің түбіне жетеді

_______ бір тышқанның інін тырналап қаза бастайды

_______алтын салынған дорбаны, мысықтың алдына тастайды

9. Алтын салынған дорбаның иісін сезген мысықтың іс- әрекетінің тәртібін нөмірлеңіз.

_______итің азаптанып тапқан алтынын ала қашады

_______үй-үйдің төбесімен қарғи жүгіріп, иесіне алтынды апарып береді

_______ қуанышы қойнына сыймайды

_______аңдып қарап отыра береді.

10. Жоғалған алтыны табылған үй иесінің іс- әрекетінің тәртібін нөмірлеңіз.

_______сол күннен бастап итті үйіне жолатпайды.

_______қуанып кетеді

_______аяғына оралып, еркелей қыңсылаған итін теуіп, жекіріп, қуып тастайды

_______ мысықты бауырына басып, аймалай береді

_______ит пен мысықты арашалап алады да, мысықты үйіне алып кетеді

11.Сол кезден бастап ит пен мысықтың қарым-қатынасы қалай өзгереді?

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

12.Осы мәтінді оқи отырып иттің әрекеттеріне қарап оған қандай сипаттама бересің. Ит қандай?

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

13.Осы мәтінді оқи отырып мысықтың әрекеттеріне қарап оған қандай сипаттама бересің. Мысық қандай?

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

14.Осы мәтінді оқи отырып біз не үйренеміз? Қандай әдеттен аулақ болу керек?

__________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Нағыз адам

(әдеби мәтін)

Аптап. Қуаң даладағы жалғыз үйдің қасында құдық бар. Бұл үйде атасы мен немересі тұрады.

Құдық басында ұзын арқанға бекітілген шелек бар. Жолаушылар мен әрі бері өткен кісілер құдыққа бұрылып, су ішеді, атайға алғыстарын жаудырады.

Бірде әлгі байлаулы арқан үзіліп, шелек терең құдық түбінде қалды. Атайдың одан басқа шелегі жоқ еді. Су тартып ішуге ыдыс табылмады.

Келесі күні атайдың үйіне арбалы шаруа келді. Арбадағы сабанның астында шелегі көрініп жатыр екен. Жолаушы құдыққа көз жіберіп, атай мен немересіне бір қарады да, атына қамшы басып, әрі қарай жүріп кетті.

-Бұл не қылған адам?-деп сұрады немересі атасынан.

-Бұл адам емес,-деді атасы.

Түске таман атай үйінің тұсынан екінші жолаушы өтіп бара жатты. Ол арбадағы сабанның астынан шелегін алып, арқанға байлады да, құдықтан су тартты. Өзі қанғанша ішіп, атай мен немересінің де шөлін қандырды. Қалған суды құрғақ құмға төге салды да, шелегін қайтадан сабан арасына салып, жүріп кетті.

-Бұл не қылған адам?-деп сұрады немересі атасынан.

-Бұны да әлі адам деуге болмайды ,-деді атасы.

Кешке қарай атай үйінің маңына тағы бір кісі тоқтады. Ол арбасынан шелегін алып, арқанға байлады. Су тартып, сусынын қандырды, сонан соң алғысын айтып, жүріп кетті. Ал шелегі құдық басында арқанға байланған қалпында қала берді.

-Бұл қандай адам?-деп сұрады немересі.

-Міне, бұл-нағыз адамның өзі,-деп жауап берді атасы.

В.Сухомлинский

Мәтіндегі таныс емес сөздер: ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1.Мәтінде қай мезгіл туралы айтылған?

_________________________________________________________________________

2. Мәтін не туралы?

_____________________________________________________________________________

3. Атасы мен немересі қайда тұрады?

а) қуаң даладағы жалғыз үйде ә) қалада б) ауылда

4.Атасы мен немересінің қуаң даладағы жалғыз үйінің қасында, сол жерден өткен жолаушыларға қажетті не бар?

а) асхана ә) құдық б) демалыс орны

5. Құдықтан сусынын қандырған жолаушылар атасы мен немересіне не айтады? __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

6. Бірде әлгі байлаулы арқан үзіліп, шелек терең құдық түбінде қалды. Атасы құдықтың басына неге басқа шелек байлап қоймады?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

7. Келесі күні таңертең атаның үйіне су ішуге келген жолаушының әрекеті қалай болды?

а) Ол арбадағы сабанның астынан шелегін алып, арқанға байлады да, құдықтан су тартты. Өзі қанғанша ішіп, атай мен немересінің де шөлін қандырды. Қалған суды құрғақ құмға төге салды да, шелегін қайтадан сабан арасына салып, жүріп кетті.

ә) Ол арбасынан шелегін алып, арқанға байлады. Су тартып, сусынын қандырды, сонан соң алғысын айтып, жүріп кетті. Ал шелегі құдық басында арқанға байланған қалпында қала берді.

б) Арбадағы сабанның астында шелегі көрініп жатыр екен. Жолаушы құдыққа көз жіберіп, атай мен немересіне бір қарады да, атына қамшы басып, әрі қарай жүріп кетті.

8. Түске таман атаның үйіне су ішуге келген жолаушының әрекеті қалай болды?

а) Ол арбадағы сабанның астынан шелегін алып, арқанға байлады да, құдықтан су тартты. Өзі қанғанша ішіп, атай мен немересінің де шөлін қандырды. Қалған суды құрғақ құмға төге салды да, шелегін қайтадан сабан арасына салып, жүріп кетті.

ә) Ол арбасынан шелегін алып, арқанға байлады. Су тартып, сусынын қандырды, сонан соң алғысын айтып, жүріп кетті. Ал шелегі құдық басында арқанға байланған қалпында қала берді.

б) Арбадағы сабанның астында шелегі көрініп жатыр екен. Жолаушы құдыққа көз жіберіп, атай мен немересіне бір қарады да, атына қамшы басып, әрі қарай жүріп кетті.

9. Кешке қарай атаның үйіне су ішуге келген жолаушының әрекеті қалай болды?

а) Ол арбадағы сабанның астынан шелегін алып, арқанға байлады да, құдықтан су тартты. Өзі қанғанша ішіп, атай мен немересінің де шөлін қандырды. Қалған суды құрғақ құмға төге салды да, шелегін қайтадан сабан арасына салып, жүріп кетті.

ә) Ол арбасынан шелегін алып, арқанға байлады. Су тартып, сусынын қандырды, сонан соң алғысын айтып, жүріп кетті. Ал шелегі құдық басында арқанға байланған қалпында қала берді.

б) Арбадағы сабанның астында шелегі көрініп жатыр екен. Жолаушы құдыққа көз жіберіп, атай мен немересіне бір қарады да, атына қамшы басып, әрі қарай жүріп кетті.

10. Атасының немересіне берген жауабына қарай отырып осы үш жолаушының ішіндегі нағыз адам қай жолаушы?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

11. Атасы жолаушының қандай қасиеттеріне қарап үшінші жолаушыны нағыз адам деп атады?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

12. Сенің ойыңша нағыз адам деп қайсы жолаушыны атауға болады?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

13. Нағыз адам қандай болуы керек?Өз ойыңды жаз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

14. Өзің қандай адамсың?

Сабақтан кешіккен Уәли

Уәли күндегісінше үйінен шығып, мектепке келсе, сабақ басталып кетіпті. «Сабақ ерте басталатын болғаны ма? Мен қалайша білмей қалдым?»-деп ойлаған Уәли сыныптың алдына келіп, сәл қипалақтап тұрды да, жүрексіне есікті қақты.

-Кір! -деген Рәзия апайдың даусы қатқыл шыққандай көрінді. Есікті баяу ашып, ішке кірді.

-Неге кешіктің?-деп сұрады Рәзия апай.

-Үйдегі сағат жеті жарымды көрсетіп тұр. Күнде сол мезгілде үйден шығатынмын. Сабақтан бір рет те қалған емеспін.

-Отыра ғой. Сағаттың тілі уақытты дұрыс көрсетпеген болар,-деді апай.

-Уәли бүгін сабақтан тағы қалып қойды. Бұл жолы кешіккен себебін қалай айтарын білмей сасып келеді. Өткендегідей есікті баяу ашып, ішке кірді. Басын жоғары көтеріп қарауға қаймығып, екі иығы салбырап, босағада үнсіз тұрды.

-Ана жолы кешіккеніңді сағаттан көрдің. Ал бүгінгі кешіккеніңді кімнен көресің?

-Біздің үйде бала мысық бар...-деді ол басын көтерместен жыламсырап.

-Немене, таң атпай мысықпен ойнадың ба?

-Жоқ апай, бәтеңкемнің бір сыңарын мысық шкафтың астына апарып тастапты. Әрең тауып алдым,- деді көзінің жасы мөлтілдеп.

-Орныңа отыр. Тақтадағы берілген тапсырманы орында.

Уәли сабақтан шыққан соң: «Бұдан былай сабақтан қалып, жұртқа күлкі болмаспын. Жатар алдында қажет жабдықтарымды дайындап қоярмын-ау!-деп, өзіне –өзі серт беріп келе жатты.

Ол ойлағанын орындады. Жатар алдында киім кешегін, сөмкесін дайындап қойды. Көкесіне сағаттың дұрыс жүретінін тексертті.

Уәли ерте оянды. Жуынып, киініп, тамақтанды. Ұйықтап жатқан көкесі мен апасына мысқылдай қарап: «Жұмыс деген бұлардың ойларында жоқ»,-деп үйден шықты.

Уәли көңілді келе жатты. Есігінің алдында тұрған Әлкен қартқа:

-Ассалаумағалейкүм!-деп сәлем берді.

-Уағалейкүмассалам! Бақытты бол, балам! Қайда асығып барасың?

-Мектепке.

-Балам –ау, бүгін демалыс қой.

Уәли сасып қалды. Ұялғанынан қып-қызыл болып кетті.

-Рақмет, ата!-деп үйіне қарай томпаңдап жүгіре жөнелді. Үйдегілер ұйықтап жатыр екен. Ол үн-түнсіз шешініп, төсегіне жата қалды. Бірақ Уәлидің ұйқысы келмей, өзінен-өзі ұялып, дөңбекши берді.

Айса Хамзеұлы

«Сабақтан кешіккен Уәли» мәтіні бойынша тапсырмалар

1.Уәлидің бірінші рет сабаққа кешігуіне не себеп болды?

А) сабақтан кешігуіме ата-анам кінәлі болды.

Б) сабақтан кешігуіме бала мысық кінәлі болды.

В) сабақтан кешігуіме сағат кінәлі болды.

2.Уәлидің екінші рет сабаққа кешігіп келуіне не себеп болды?

А) сабақтан кешігуіме ата-анам кінәлі болды.

Б) сабақтан кешігуіме бала мысық кінәлі болды.

В) сабақтан кешігуіме сағат кінәлі болды.

3. Уәли сабақтан шыққан соң өз-өзіне қандай серт берді?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________4. Ол өз ойлағанын орындау үшін норындаған іс әрекетінің тәртібін нөмірлеңіз

_______көкесіне сағаттың дұрыс жүруін тексертті

_______сөмкесін дайындады

_______киім-кешегін дайындады

5. Уәлидің ерте оянғаннан кейінгі іс-әрекетінің тәртібін нөмірле.

_______жуынды

_______тамақтанды

_______ «Жұмыс деген бұлардың ойларында жоқ»,- деп ,ұйықтап жатқан көкесі мен апасына мысқылдай қарап:

_______киінді

_______үйден шықты

6.Көңілді келе жатқан Уәли кімге жолықты? _____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

7. Ол Әлкен қарттан нені білді? _____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

8. Бүгін демалыс екенін білген Уәлидің іс-әрекетінің тәртібін нөмірле.

_______ Уәли сасып қалды

_______Ол үн –түнсіз шешініп, төсегіне жата қалды.

_______ Ұялғанынан қып-қызыл болып кетті.

_______-Рақмет, ата!-деп үйіне қарай томпаңдап жүгіре жөнелді.

_______Ұйқысы келмей, өзінен-өзі ұялып, дөңбекши берді.

9.Осы мәтінді оқи отырып Уәлидің әрекеттеріне қарап оның бойынан қандай жақсы қасиеттер көрдің?

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

10.Осы мәтінді оқи отырып Уәлидің әрекеттеріне қарап оның бойынан қандай кемшіліктер көрдің?

_____________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

11.Осы мәтінді оқи отырып біз не үйренеміз? Қандай әдеттен аулақ болу керек?

_____________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

12. Сабаққа кешігіп келу дұрыс па? Дұрыс болмаса сабаққа кешікпей келу үшін не істеу керек?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

«Бидай көже» мәтіні бойынша сұрақтар

  1. Ақлима әжейдің көжесінің дәмі қандай?

А)ащылау. Б) тұщылау.

Ә) бал татиды. В) дәмсіз.

2. Аптап ыстықта бидай көжені ішсең не сезінесің?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Ақлима әжей нені жек көреді?

А)мақтағанды Б) өтірік сөйлегенді

Ә) еріншектікті В) уәдеде тұрмағанды

4. Ақлима әжейдің көмекшілері кімдер?

А) 3 сынып оқушылары Б) Әуес пен Шәкен

Ә) немерелері В) бидай көжені ішкен адамдар

5. Әуес пен Шәкен Ақлима әжейдің үйінде қай кезде кездеседі?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

6. Ақлима апай балаларға қандай жұмыс тапсырады?

А)бидай жинауды Б) үй тазалауға көмектесуді

Ә) құрт езуді В) бидайды келі ішіне салып кеузеп алуды

7. Бидайды кеузеп болған соң Ақлима әжейдің іс әрекетінің тәртібін нөмірлеңіз.

_______ақ дорбаны жайып тастап бидайды ұшыра бастайды.

_______құрт езе бастайды.

_______қазанның бетін қаппен қымтап жабады

_______бидайды қазандағы суға салады.

_______қазанның астына от жағады

8. Көже піскен соң Әуес пен Шәкен не істейді?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

9. Шәкен бірнеше жыл өткен соң ауылға келгенде қандай өзгерістер болды?

А) Ақлима әжей оларды қарсы алды

Ә) Ол кісі біраз жыл бұрын дүние салыпты.

Б)Ақлима әжей басқа ауылға көшіп кетіпті.

10. Әдеміше келген келіншектің көжесінің дәмі қандай?

А)ащылау. Б) дәмді де суық

Ә) тұщылау В) дәмсіз.

11. «Әжем өлсе де ісі өлмепті»деген сөйлемді қалай түсіндің?

____________________________________________________________________________________________________________________________________

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы

Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки

Олимпиады «Осенний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю

Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей

Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.

Подробнее