Кітапхана-рухани байлық ордасы
Мақсаты: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітап оқуға баулу,
кітапты насихаттау.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі, кітап туралы ұлағатты сөздер
Еліміздің болашағы жарқын болу үшін, ең алдымен ұрпағымыз білімді, рухани деңгейі жоғары болуы қажет. Ол үшін адам көп оқып, көп ізденуі керек. Түсінген адамға кітап – баға жетпес байлық .
Қазақ халқы кітапты қасиетті, құдіретті зат деп түсінген. «Кітап-білім бұлағы, білім-өмір шырағы», «Кітаппен кеңес-білімдімен теңес» деп кітапты жоғары бағалаған.
Кітап-адамның досы, ақылшысы, сырласы. Кітап-өнер, кітап-білім бұлағы, адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың байлығы, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі. Барлық қауым, барлық адамзат кітаптан білім алып, соның арқасында өркениетті дамытып отыр
Кітап-қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтылмаған екен. Енді біз кітап туралы қандай нақыл сөз, мақал-мәтел, тақпақтар білеміз, соны ортаға салайық .
Кітапхана қызмет көрсету бағытына қарай: ғылыми кітапханалар, көпшілік кітапханалар, балалар кітапханалары және оқу орындары кітапханалары болып бөлінеді.
Кітапханашыға әр түрлі саладағы кітаптар мен ақпаратты сақтап, реттеп дер кезінде, тез арада оқырманға жеткізілуіне кітапхана-библиографиялық жіктеу көмекке келеді.
Осы ғылым салаларының қайсысы болсын өз тарихы, негізін қалаушылары бар. Ғасырлар бұрын ашылған ғылым жаңалықтарын кейінгі ұрпаққа жеткізіп, оны одан әрі дамуға септігін тигізіп отырған – кітап. Кітап ғасырлардан ғасырға өз қазынасын сақтап, жеткізбесе Күлтегін, Қорқыт, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Абылай хан, Шоқан Уалиханов және басқа ақын-билер, қоғам қайраткерлері туралы мәлімет біздің заманымызға дейін жетер ме еді? Кітаптың арқасында ғасырлар бойғы адамзат тәжірибиесі жинақған ой маржанымен таныса аламыз.
Осы асыл қазынаны өміріңе серік етіп, кітап сүйер қауым қатарына қосыл, жас дос!
Кітап көпті көрген көнекөз ақсақалдай тағылымы көп, тәрбиесі мол ақылшың да, сырласың.
Білімді сүйсең кел күн сайын осында,
Кітап сенің айналады досына,
Талаптансаң үйренуге құмартып,
Кел, жас дос, ізденейік қосыла.
Кітап көрмесімен танысу.