КЕЛІСЕМІН ................................................................. ................................................................. әдістемелік кабинет меңгерушісі ___________________ аты-жөні «____»______________ 2025 жыл
| БЕКІТЕМІН С.Сейфуллин атындағы №4 IT мектеп-лицейінің директоры Рахметов А.Б. _________________ «28» наурыз 2025 жыл
|
Инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату бағдарламасы
Автордың аты-жөні | Бисенова Сауле Молдабаевна |
Ауданы, мектебі | Қызылорда қаласы С.Сейфуллин атындағы №4 IT мектеп-лицейі |
Пәні немесе қызметі | Көркем еңбек пәні мұғалімі |
Санаты | Педагог-зерттеуші |
Тақырыбы | Кесте өнері |
Түрі (бағдарлама немесе әдістемелік құрал, әдістемелік ұсыныс, жинақ т.б) | Авторлық бағдарлама |
Тәжірибені тарату нысаны (семинар, шеберлік сабағы, конференция, шығармашылық шеберхана, тренинг т.б) | Конференция |
Мақсатты аудиториясы | Мектеп педагогтері |
Өткізу жоспары / План проведения
Бөлінген уақыт Время | Кезеңдері Этапы | Мазмұны Содержание | Демонстрация |
| Кіріспе бөлімі
| Бұл авторлық бағдарлама «Кесте өнері» тақырыбында құрастырылған және жалпы орта білім беретін мектептердің технология пәні аясында қолдануға арналған. Бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушыларды қазақ халқының дәстүрлі кесте өнерімен таныстыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлттық қолөнерге деген қызығушылығын арттыру. Бағдарлама 34 академиялық сағатқа есептелген және теориялық, практикалық сабақтардан тұрады. Ол оқушылардың кесте өнерінің тарихы, негізгі түрлері мен техникасы туралы білімін қалыптастырып, қолмен және машинамен кестелеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, бағдарламада қазақтың дәстүрлі ою-өрнектерін зерттеу және оларды кесте арқылы бейнелеу қарастырылған. | Таныстырылым
|
| Түсіндіру бөлімі
| Бағдарламаның міндеттері: - Қазақтың дәстүрлі кесте өнерінің тарихымен және ерекшеліктерімен таныстыру; - Кестелеудің негізгі техникаларын үйрету; - Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру; - Түстер үйлесімі мен композиция құру заңдылықтарын меңгерту; - Кестелеу барысында ұқыптылыққа, төзімділікке және әсемдікке деген талғамды қалыптастыру; - Қауіпсіздік техникасын сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Бағдарламаның құрылымы: Бағдарлама 5 негізгі бөлімнен тұрады: 1.Кіріспе – кесте өнерінің жалпы тарихы мен дамуы туралы мәліметтер беріледі. 2.Кесте өнерінің түрлері және техникасы – тігістердің негізгі түрлері, материалдар және құрал-жабдықтар таныстырылады. 3.Қазақ халқының дәстүрлі ою-өрнектері – ұлттық нақыштағы кестелердің ерекшеліктері мен мағыналары талданады. 4.Практикалық жұмыстар – әртүрлі кесте тігістерін орындау, ою-өрнектерді кестелеу, шығармашылық жұмыстар жасау. 5.Жобалық жұмыс және шығармашылық ізденіс – оқушылар өздерінің жеке шығармашылық жобаларын жасап, оны қорғауға мүмкіндік алады.
Оқыту әдістері мен құралдары: Бағдарламада интерактивті әдістер, түсіндірме, көрнекі көрсету, тәжірибелік жұмыстар, жобалық әдіс, шеберлік сабақтары қолданылады. Сондай-ақ, оқу үдерісінде бейнематериалдар, кесте үлгілері, дәстүрлі бұйымдар және қазіргі заманғы кесте өнімдері пайдаланылады. | Таныстырылым Презентация |
| Тәжірибелік бөлім
| Күтілетін нәтиже: Бағдарламаны меңгеру барысында оқушылар: - Кесте өнерінің негізгі түрлері мен техникасын біледі; - Ою-өрнектерді қолдана отырып, шығармашылық жұмыстар жасайды; - Ұлттық өнерге қызығушылық танытып, оны заманауи стильде қолдана алады; Өзіндік жобаларын жасап, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Қолдану аясы: Бұл бағдарлама мектептердің технология пәні аясында, қосымша білім беру ұйымдарында және сәндік-қолданбалы өнерге бағытталған үйірмелерде қолдануға лайықталған. |
|
| Кері байланыс
|
|
|