«Зимний фестиваль знаний 2025»

Ашық тәрбие сағаты: "Наурыз-берекем, Наурыз-мерекем!"

Бұл барлық мектеп және колледж мұғалімдеріне арналған материал. Ашық тәрбие сағаты: "Наурыз-берекем, Наурыз-мерекем!"

Олимпиады: Английский язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Наурыз – берекем,

Наурыз – мерекем!»

 

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дәстурін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Отанын, елін, жерін, ұлттық салтдәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу. 
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ұлттық бұйымдар, ұлттық тағамдар, т.б

 

Барысы:

1-жүргізуші: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, студенттер! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.


2- жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!


1-жүргізуші:Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді.  Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы  басқалар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз  көктемнің ең көркем  айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.


2-жүргізуші:Баршаңызды ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен шын жүректен  құттықтаймыз. Жер жаһанға шуағын ала келген наурыз мейрамы елімізге береке мен құт болып дарысын. Дүниені жандандырып жарқыраған кезі ұлыстың ұлы күнімен барша адамзатты қуана құттықтаймыз.


Ата-аналар: Назипа апа бастаған:(Ақ кимешек, оюлы қамзол киген әжелер Наурыз мерекесін тойлауға жиналған барша ағайынға шашу шашып, той берекесін кіргізе түседі.)

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық

Досқа құшақ ашайық

Өлең жырға басайық

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық (Шашу)  шашу шашылады.




Жүргізушінің бірі: Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу - салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!


Оркестр «Наурыз- біздің жаңа жыл»

Назипа апа: Тойларың - тойға ұласа берсін! Мен де, бұл тойға құр қол келмедім, өзіммен шашуымды да ала келдім. 

2-жүргізуші: - Рақмет, әже ! Алыс жолдан шаршап келдіңіз ғой, мына үстелге отырып, сәл демалып алыңыз! 


1-жүргізуші:

Наурыз келді ал тойлаңдар жарандар

Келген мына мерекеге қараңдар

Шашу шашып ақ жаулықты әжелер

Тойда бүгін ойнап күліп тараңдар

Тойла бүгін тауларым мен боз далам

Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам

Қайта оралған намысымдай наурызым

Жаңа жыл боп қош келіпсің наурызым

Наурыз мерекесімен құттықтау сөзін бастап колледжіміздің директорының орынбасарлары ___________________________________________________________________береміз

2 - жүргізуші: Ана жақтан аттың дыбыры естіледі, кім екен келе жатқан?
(Әуен ойналып тұрады.) Ортаға Алдар көсе, Қожанасыр, Тазша бала шығады.

Алдар: - Уа, халайық! Тойға келіңдер, тойға!
Қожанасыр: - Нұрлы Наурыз тойына келіңдер!
Тазша бала: - Уа, ағайын! Сиыр жылының айтулы тойы, біздің колледждің Наурыз мерекесіне келіңдер.
Алдар көсе:
- Әй, ағайын, ағайын!
Той деп жар салайын,
Наурыз тойға келіңдер,
Мен де бірге барайын!
Қожанасыр:
- Ағайын тойға келіңдер,
Мерекені көріңдер.
Сиыр жылы келді еліме,
Той көрімдік беріңдер!
Тазша бала: - Алдар аға, бүгінгі тойға тіпті өлеңдетіп, сықиып киініп келіпсіз ғой. Жел бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығып кететін шұрық тесік әйгілі шапаныңыз қайда?
Алдар көсе: - Биыл сиыр жылын үлкен табыстармен қарсы алып жатқанда жыртық шапан менің теңім бе?
Қожанасыр: - Тотыша тақылдаған мұның кім?
Алдар көсе: - Қожеке, танымадыңыз ба? Бұл Тазша бала ғой.
Қожанасыр: - Тазша баламысың, ей. Келші бауырым, құшағыма қысайын.
Екеуі құшақтасып, Наурыз мерекесімен құттықтайды.
- Наурыз құтты болсын! Сиыр жылы елімізге бақ - береке әкелсін!
Алдар көсе: Уа, бәрекелді, алыстан ат артып, атты шаршатып, етікті тоздырып жеткенде мынадай мейрамға тап боларымды кім білген?
Ассалаумағалейкум, халқым менің,
Ардақты Наурыз тойлы салтты елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!

Қожанасыр: Туа сала атандым Қожанасыр,
Мендей аңқау болмас - ау басқа сірә.
Наурыз тойы колледжде болады деп,
Көк есекті желдірттім мен жетектеп.
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын.
Досымын адал жандардың.
Жақсыларға серік боп,
Жаманды талай алдадым.(Кеудесіне қол қойып, басын иеді)

Тазша бала:  О, халайық, халайық! 
Шырқап әнге салайық 
Көптен күткен ұлы той, 
Құшақты кең ашайық! 
Сүйіншілеп мен келдім, 
Думандата бастайық! 


2-жүргізуші:- Сүйінші сұрап келген, Тазша баланы, Алдар көсе мен Қожанасыр атамызды сыйлап, құрмет көрсетелік. Төрлетіңіздер, қонағымыз болыңыздар! 
(Үшеуі жайғасып отырады.) 


1-жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Жаңа жыл келді. Ендеше, тойымызды ұзағынан

сүйіндірсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық

әкелсін!

2-жүргізуші: Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!


Айдана апай: Құрметті, қонақтар, жиналған қауым! Наурыз мерекесі баршаңызға құтты, берекелі болсын! Ұлыс күні оң болып, ақ мол болсын! Осы бір көктемнің шуақты мейрамын тойлай отырып, біз бабалар рухына тағзым етіп, рухани құндылықтарды сақтап қалудамыз. Наурыз мейрамы – ел мен елді, ұлыс пен ұлысты біріктіріп қана қоймайды.Ұлыстың ұлы күні күн мен түн теңеледі. Осы бір құбылыстың өзі оның сипатын аша түскендей.

Айдана апай:  Концерттік бағдарламаны бастамас бұрын студенттердің аузынан Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы сұрайық:

1-________: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.

2-_________: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.

3- ___________: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.

4- __________: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.

5- __________: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын  Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы,  қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.

Дәл осы кезде:жоғарыдағы видеоларды интерактивті тақтаға қою керек:

2-жүргізуші: Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып кету де дұрыс деп санаймыз. Ендеше тақтаға назар аударыңыздар

Франковский:

Бір анадан туғандай,


Бір ұядан ұшқандай,


Бір аспанның астында,


Бір дастархан басында,


Береке-бірлік болсын, — деп


Көп көжеден дәм татып,


Күшейтейік бірлікті.


Еңбек пенен тірлікті.


Салт-дәстүрмен жараса,


Қайта құрып жаңаша,


Жарыса өнер көрсетіп,


Той тойлайық тамаша!

1 - жүргізуші:

Қуаныш бақ тілеп еліме

Мереке құт тілеп жеріме

Әлемді аралап шарқ ұрып

Келдің бе Әз бабам төріме, деп біздің наурыз мейрамымызға алыстан ат терлетіп Қыдыр атамыз келіп қалыпты


Қыдыр ата: Армысыңдар халайық! Наурыз құтты болсын

Көктем келді наурыз келді

Жер көгерді тал гүлдеді

Дастарханын жайып дархан

Жақсылық пен бақыт шашқан

Наурыз келді тойға ұласқан

Наурыз тойы  құтты болсын

Жер көгеріп малға толсын

Мінгендерің балалар,
Жорға-жорға тай болсын!
Жорғалатып келгенде,

Көптің көңілі жай болсын!
деп жасөспірімдерге батасын беріп, дастархан басына отырады.


2 - жүргізуші: Қыдыр ата, қош келдіңіз, рахмет, тілегіңіз қабыл болсын, бүгінгі осы мерекенің қадірменді қонағы  болып төрге жайғасыңыз.

1-жүргізуші: Мереке қарсаңында бәріміз бірге «Қаражорға» биін билейік! Бір топ қыз-жігіттер ортаға шығады, басқалары да қосылып билейді.  Би «Қара жорға»

 

2 - Жүргізуші:

Ұлыс тойы басталды.
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге.
Көрмегендер көріңдер,
Естімегендер естіңдер,
Дабылын оның қағайық,
Шақырамыз бәріңді
Ұлыстың ұлы күніне

 

1 - жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Жыр сыйлығын, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдікте.
Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған,

Бәрімізді Ынтымақ пен бірлікке.

Енді назарларыңызға №208 топ Студенттерінің туындыларын ұсынамыз.

Ұлттық киімдерін киген балалар бір-бірлеп сахнаға көтеріліп тартуларын ұсынады.

Студенттер :

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!


Уа, халайық, халайық, 
Шырқап әнге салайық. 
Наурыз тойын көңілді, 
Бірге қарсы алайық! 


Наурыз,тойы–тамаша,

Наурыз тойы- жаңаша.

Табиғатта тамаша,

Тамылжып тұр жараса.


Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне!


Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған,
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан!


Көгімде күн өрлетіп,
Төрт түлігін төлдетіп,
Қаймақ сүтін көлдетіп,
Ыризық-құтын селдетіп,
Келді Наурыз – Ұлыс күн!


Аққар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның бұл кенелген
Күн мейрамы ежелден,
Құтты болсын, бұл Наурыз!


Құтты болсын әр күнің,

Сыйла, бақыт баршаға.

Сәбидің әсем шат үнін

Тыңдат абзал анаға.


Наурыз – достық,

Наурыз – күн.

Барша халық бірлігі.

Тағы келді ұлыс күн.

Арпа,бидай бастаған

Жеті дәмнен аспаған,

Наурыз көже ежелден

Бұл тойдағы бас тағам.


Жақсылыққа қашанда

Жан баласы тоймаған.

Жаңа жылдың басы деп

Жылда бізбен тойлаған.

Тойын жасап ед енді,

Қуанышқа бөленді.

Жарқыраған жас нұрлы

Жаса, Наурыз, дәстүрлі!

Ұлыс күні кәрі–жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Арман тойы ананың,

Қуанышы ғаламның,

Қош келіпсіз, Наурыз,

Құтты болсын қадамың!

Жаса, Наурыз, ойлымыз,

Жаса, көктем, тойымыз!

Ел дәстүрлі – арымыз,

Той бастығы – кәріміз.

Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлап еліме,

Күлімде, Наурыз, күлімде!




2 - жүргізуші:Жиналған кіші үлкенде

Өсе бер,өніп өркенде

Қайта айналып наурыз

Жетейік аман бұл күнге.

Жеттік қой күнге қалаған

Тойымыз кетпей арадан.

Көрісу бізге аманат

Жеткен ғой мұра бабадан. (Аумин)

1 - жүргізуші: 22 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен

жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі.

Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.

Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп,

көрісіп үлгеруі керек. Кішкентай балаларға аналары шағын дорба ұстатып қояды.

Бала қай үйге көрісуге кірсе, сол үйдің дастарханынан ауыз тиіп, бауырсақ,

тәттілерден дорбасына салып алады. Қазақ қашанда дастарханын айрықша

қастерлеген. Бұл жоралғы жыл бойы балаларымыз тоқ жүрсін, дастарханымыз

аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған. (Осы жерде «Көрісу» дәстүрі сахналанады). Артынан күй тартылады.


Айдана апай: Студенттер мына сұрақтарға жауап беріп көріңдер.

  1. Наурыз туралы не білесіндер?

Жауабы: Наурыз – парсы сөзі. Нау – жаңа, рыз – күн, «жаңа күн, жыл басы» дегенді білдіреді. Ал қазақшасы – Ұлыстың ұлы күні.

  1. Наурыз жыры деген не? Жауабы: Наурыз мерекесінде айтылатын жыр, өлең, мадақтау, тілек, бата, әзіл. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған.

3.Наурыздан тілек қандай мақсатта, қай ауқытта айтылады? Жауабы: Наурыз тілек – достық көңіл мен тілек-тестіктің, адамгершіліктің белгісі. Әр адам өзіне, отбасына немесе жақын туыс-туғандары мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады.

4.«Наурыз төл» дегенді қалай түсінесің? Жауабы: Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжандық қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайтын болған, ешкімге сыйлауға да болмайды.

5.«Наурызкөк» дегеніміз не? Жауабы: Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Оны алғаш көргендер «Наурызкөгім келдің бе» деп шықырып жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейтін болған.

6.«Наурызша» деген сөзді қалай түсінесің? Жауабы: Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша»деп атайды.


Салт-дәстүрлер: Бесікке салу. Тұсаукесер



2 - жүргізуші: он екі жыл бір мүшелді құраған, Бұрынғылар «жылың не» деп сұраған. Әрбір жылдың өзіне тән сыйы бар, Ниет қойып білу керек мұны адам.

Ортаға Жұлдызшыны шақырайық.

жұлдызшы: ( )
— Ә-ә, көрдім, көрдім. Биылғы жыл иесі – сиыр екен, жерге қонуға жақындап қалыпты.

1 -жүргізуші: — Әрбір Жаңа жылдың адамзатқа әкелер өзіндік жаңалығы, сый-сияпаты болады емеспе, жұлдызшы? Сиыр жылының қадір-қасиеті жайында мына жиналған барша қауымға көрген-білгеніңізді айтып берсеңіз...
жұлдызшы: — Әлбетте, қарағым, — деп, киіз кітабын парақтап жіберіп, —"Қазақ күнтізбесі бойынша сиыр жақсы, жайлы жылдардың бірі деп саналады. Өйткені жаман жылдар тарихта бар, мысалы, қоян жылы қазақ күнтізбесі бойынша ең жаман жыл. Тышқан жылы, жылқы жылында соғыс, ұрыс-керіс болған. Сиыр жуас, момын мал. Екіншіден, ертеректе кедей отбасыда бір сиыр болса, сол барлығын асыраған. Бір сиырды сол үйдің анасы деп атайды екен", - дейді ол.


2 - жүргізуші:— Жұлдызшы, сиыр  жылы туғандардың тал бойындағы мінез-құлқының ерекшелігін айтып жіберіңізші.

жұлдызшы:
Ұлыс күні не сұрасаң да жарасады,  — деп, киіз кітабының беттерінен әрі-бері аударыстырып жіберіп, —
"Маңғаз (сиыр). Мүшелдік тектелгі саналғы бұл жылдағылар сусағыш, тамақсау, өзара шығысымы үй ішіндік болса да қағыспалы, бірақ зілсіз, кексіз, харакеті бір тоға, көмпіс, оңайлықша сөз өтпейтін, қамшы жүргізіп, таяқ шектейтін, тілге азбайтын, иісалмас. Жау тиіскенде айғай-аттанын естісе не қан көрсе болғаны намысы қозғыш, өлген-тірілгеніне, алды-артына қарамайтын, бір қалмай атқа қонатын, сонымен қоса бірауызды, қаратұяғынан хал кеткенше айқасатын, қауқарлы-қауқарсыздығына қарамайтын әрі өздерін және жастарын аялауға құштарлығы басым, не жеңіп, не өліп тынатын адам", - деп жазды Тілеуқабылұлы. Сонымен қатар сиыр жылы туғандар досқа адал, ақ пейіл, достары мен туған жерінен әсте айырылғысы келмейтін адам болатынын айтқан — деп оқыған соң, дүрбісімен аспанға қарайды.

1 -жүргізуші:
— Жыл иесі – сиыр, бақыт әкел еліме,
Құт, береке, молшылық дари берсін жеріме.
Тарылмасын табиғаттың тынысы,
Тазалықты тарту ет, өзендер мен көліме.
Құт иесі сиыр, суыңды әкел көгіме,
Көлдерімді толтырып, Бақыт сыйла еліме.


Франковский:


Бүгін – жер бетіне жақсылық ұялаған күн.

Бүгін – көк құт көзін ашқан күн
— Бүгін – Жаңа жылдың жерге түскен күні
— Бүгін – Жер-Ананың тоң кеудесі жібіп, уызы иіген күн.
— Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн.
— Бүгін – Береке мен Бірліктің, Игілік пен Теңдіктің туын көтерген

Барлығы: Наурыздың туған күні. Ән  


2- Жүргізуші: Қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарына көшсек. Ұлт ойындары — ата – бабамыздан бізге жеткен өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, соның бір түрі асық ойыннан тұрады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, тапқырлықты, батылдықты, шапшандықты қажет етеді. Ондай болса, ортаға батылдарды шақырамыз.


1 - Жүргізуші:

Алтын күні шуақ шашып аспаннан

Жаңа жылым жыр думанмен басталған

Ақ дастархан жайып қазақ төріне

Ақ ниетпен үлкендерден бата алған, Уа ағайын «наурызым- бабамның сөзі, наурызым- анамның сөзі, ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі» демекші, қыдыр ата өзіңізден бата сұраймыз

 

Бата беру үшін  Қыдыр атаға сөз беріледі.

Ал, тыңдаңдар батамды

Ардақтаңдар атаны

Тойсаңдар тасып бөспеңдер

Топастықты кешпеңдер

Ананың  сүтін ақтаңдар

Арларыңды сақтаңдар

Жалқаулық жаудан жаманды

Жеңіңдер оны күреспен

Жеңіске жетер бірлескен

Кең пейіл дархан халқымыз

Кеңейді дәстүр салтымыз

Дәстүрін елдің сыйлаңдар

Дәстүрлі салтты тойлаңдар

Орындалсын ойларың

Тойға ұлассын тойларың Әумин

 

2 - Жүргізуші:

Батаңыз қабыл болсын.

Өлкеме наурыз келді  көктем келді

Құлпырып, гүлге орап көк пен жерді

Халқымның салт дәстүрін аялаған

Арманы асқақтады көптен бергі

  

1 - Жүргізуші:

Қазағым наурызың құтты болсын

Көтерген шаңырағың биік болсын

Тілектері ұлтымның қабыл болып

Жақсылығын бір Алла иіп тұрсын


2 - Жүргізуші: Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал басқаға  демеу болу – жомарттық.  Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?! Үнемі  бізге, біздің  колледжімізге  демеушілік көрсетіп, қолдап жүретін демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз. Ендеше наурыз мерекесімен құттықтау  сөзін осы келіп отырған демеушілерімізге береміз.


1 - Жүргізуші:

Ендігі мерекеге құттықтау тілегін ылғи колледж өмірімен тығыз байланыста жүретін, колледжішілік іс- шаралардан тыс қалмайтын, әрқашанда қандай істе де колледж ұжымын қолдап, ұстаздарға, студенттерге қолдау көрсетіп отыратын  ата-аналарымыз білдірсін.

 

2-жүргізуші:

Ән қосылсын әніңе!

Ырысты боп жаңа жыл!

Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылып ойыңа

Бас қосылып бойыңа

Аман-есен жетейік

Келер Наурыз тойына.


1 - Жүргізуші: осымен наурыз мейрамына арналған мерекелік іс шарамыз  аяқталды. Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ! Қош сау балыңыздар!


Екі жүргізуші қосылып: -Құрметті ағайындар, келесі Наурыз тойында кездескенше қош сау болыңыздар!

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее