«Зимний фестиваль знаний 2025»

«Айгөлек» танымдық – ойын лагері мен «Жас ұлан» әскери-спорттық лагері

№19 жалпы орта білім беретін мектепте 1 маусымнан 30 маусым аралығында 1-4 сынып оқушыларына «Айгөлек» танымдық – ойын лагері, 5-8 сынып оқушыларына «Жас ұлан» әскери-спорттық лагері жұмыс жасады. Мақсаты: оқушылар бойындағы азаматтық-патриоттық танымды, рухани-ізгілік көзқарасты жүйелеу; шығармашылық белсенділікті, тарихи- мәдени құндылықты талап ету, танымдық қызығушылықтарын дамыту; оқушылардың тәрбиелік деңгейін көтеру.

Олимпиады: Викторина "Путешествуя в сети Интернет, будь осторожен!" 1 - 11 классы

Содержимое разработки

ШҚО, Семей қаласы

«№19 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жамалбаева Жұлдыз Тлеубекқызы

«Айгөлек» танымдық – ойын лагері мен «Жас ұлан» әскери-спорттық лагері



19 жалпы орта білім беретін мектепте 1 маусымнан 30 маусым аралығында 1-4 сынып оқушыларына «Айгөлек» танымдық – ойын лагері, 5-8 сынып оқушыларына «Жас ұлан» әскери-спорттық лагері жұмыс жасады.  Мақсаты: оқушылар бойындағы азаматтық-патриоттық танымды, рухани-ізгілік көзқарасты жүйелеу; шығармашылық белсенділікті, тарихи- мәдени құндылықты талап ету, танымдық қызығушылықтарын дамыту; оқушылардың тәрбиелік деңгейін көтеру.

Лагерь жұмысының жүйелі, қызықты өткізілуі үшін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.А.Жунусова, Ж.Т.Жамалбаева және тәлімгер Ж.А.Қадырбекова әскери бөлімдермен және кітапхана, театр, мұражайларымен тығыз байланыс жасады. Лагердің жұмыс уақыты сағат 9.00 ден 13.00 ге дейін ұйымдастырылды және ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

« Айгөлек» және «Жас ұлан» лагерлері жоспар бойынша өткізілген іс – шаралар эстетикалық, этикалық, патриоттық, спорттық, көшбасшылық және үштілділік бағытты қамтыды және қала деңгейінде өткен іс-шараларға қатысты. ҚР мемлекеттік рәміздері күнін атап өтті. Мереке қарсаңында «Рәміздерім – мақтанышым!» тақырыбында зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Мақсаты - оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, еліне,халқына адал қызмет етуге, рәміздерімізді қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.

«Жас ұлан» әскери-спорттық лагерлерінің тәрбиеленушілері №31767, №44793, №36803 әскери бөлімдеріне саяхат жасап, әскер өмірінен мәлімет алды. Болашақ Отан қорғаушылар қару-жарақ пен әскери техника үлгілерімен танысты, медициналық пунктті және жауынгерлік даңқ мұражайын аралады. №31767 әскери бөлімінің сарбаздары мен оқушылар арасында өткен «Жас Ұландар» атты әскери-спорттық сайысы өте жоғары дейгейде өткізілді.

Сондай-ақ, мектеп оқушылары №31767, №36803 әскери бөліміне «Ел ертеңі-бүгінгі жас ұландар» атты мерекелік концерт көрсетті. Концертке барлығы 60 оқушы қатысты. Биші, әнші ұлдарымыз бен қыздарымыз, күйшілеріміз, жас ақындарымыз өз өнерлерін бар ынтасымен паш етті. Әскери бөлім командирі атынан мектеп директоры мен мектеп ұжымы алғыс хатпен марапатталды. Оқушылар бойында патриоттық рухты жетілдіру үшін мектеп пен №31767, №44793, №36803 әскери бөлімдерімен арасында тығыз қарым-қатынас орнаған.

Мектепішілік лагерь жұмысының жоғары жеігейде ұйымдастырылғанына ата-аналар мен оқушылар өз алғыстарын білдірді.









Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее