«Зимний фестиваль знаний 2025»

Ағылшын тілі сабағында бірлескен жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

Ағылшын тілі сабағында бірлескен жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

«Баланы оқытудың мақсаты- оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамуға қабілетті ету».

Эдгард Хабард.

Олимпиады: Английский язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки



Ағылшын тілі сабағында бірлескен жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру

«Баланы оқытудың мақсаты- оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамуға қабілетті ету».

Эдгард Хабард.

Тақырыптың өзектілігі: Оқушылардың сабақ барысында бірлескен жұмысын ұйымдастыру, оқушылардың ой-өрісін тереңдетіп, ғылыми ізденіскежетелейді. Сабақ сапасын көтеріп, оқушыларға терең де, тиянақты білім беру, топпен, жұппен шығармашылық жұмысқа баулу.

Қазіргі уақыттағы жаңа педагогика ғылымындағы проблема ол-оқушыларды пәнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Жаңа технологияның әдіс-тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану-ұстаз шеберлігінің белгісі.

Проблеманың болу себептері:

  • Оқушылардың сөздік қорларының аз болуы;

  • Бірін-бірі тыңдай, бағалай алмауы;

  • Өзіне деген сенімінің болмауы;

  • Өз ойларын ашық айта алмауы;

  • Енжар тыңдаушы ғана болу;

  • Өз беттерінше ізденістің болмауы;

  • Сабаққа деген белсенділіктің, қызығушылықтың болмауы;



Өзіндік шешу жолдары: Осындай туындаған проблеманы шешудегі мақсатым-оқушыға сапалы да, тиянақты білім берудің негізі өз пәніңді жан-жақты игеру, оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану.

Ұстаз ретінде оқытып жүрген оқушыларымның ерекшеліктерін зерттеп, білім алған соң ғана, оларды даму деңгейіне орай әдіс-тәсілдерді іріктеп, талап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аударып келемін.

Мұғалімнің шеберлігі мен оқушыларды, жұппен топпен жұмыстандыру арқылы ұйымдастырылған сабақтар, факультатив сабақтар оқушылардың дарындылығын дамытып, шыңдау жолдарының бірі болып табылады, олардың арасында ынтымақтастық пен серіктестікті тудыру, басқа адамның ойымен де есептесу қажет екенін де түсіндіреді, уақыт үнемделеді.

Жұппен және шағын топпен жұмыс тез, жаңа идеяларды ұсынумен қатар белгілі бір жағдайды нәтижелі шешуге де мүмкіндік береді.

Сабақ барысында оқушылардың ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға бағытталған сабақ өткізу әдістерінің бірі демек, білім оқушыларға даяр күйінде берілмейді, өзінің ой-еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындау арқылы қол жеткізеді.Әр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады. Оқушы бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады.

Нақты іс-әрекет: Өз сабақтарымда үнемі қолданатын әдіс-тәсілдер: әлем шарлау, кубизм, рольдік ойындар, диалогтар құрау, ассоциация, топтастыру, семантикалық карта, көрнекілік стратегиясы, венн диаграмасы,сұхбаттасу, екі (үш) жақты күнделік, Джиксо, түртіпалу т.б.

«Әлем шарлау» стратегиясы арқылы алған білімдерін бір-біріне түсіндіріп, тыңдайды.

«Топтастыру»

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее