«Зимний фестиваль знаний 2025»

Марат Қабанбай "Бауыр" әңгімесі

Адамдарды өз болашақтарынойлауға шакыру. Адамдық диқаншысы өзі бола тұра жасырын түрде мен арқылы түсіндіреді

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы:

Ахмет Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі

Мұғалімнің аты-жөні: Шоқбарова М.Қ

Күні:

СЫНЫП: 5


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау (5 Т/Ж2)

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады» . Кәсібінен нәсіп тапқан

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.


1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Көңілді күн» биі




Тапсырманы орындаған әр балаға конфеттер беріп отырамын.

Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.


«Сақина салмақ ойыны»

Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?






Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут







Қолдану

Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,

Көңілін көгертуге құл халықтың.

Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,

Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.

Оттай бер, жануарым екі аяқты,

Адамдық хайуанға қанша қажет?!

Жаратқан малды Құдай не керекке-

Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.

Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,

Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.

Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,

Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?

Есептен алданғандай болғандар көп,

Жасықты асыл ма деп білмей қайрап.

Талдау

Шығармадан автордың «МЕН» бейнесін көрсететін тармақтарды табыңыз.

Үлгі: МЕН қырға шықтым,

МЕН құрға шықтым,

МЕН тұқымын шаштым....

МЕН ....

Тармақтардың мазмұны бойынша автор бейнесін сын есімдер арқылы ашыңыз.

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу


Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез


Графикалық органайзер: «Балық қаңқасы» диаграммасы


Бағалау


5 минут






Дескриптор


515

ҚЫЗЫҚТЫ 1 СӨЗ 1 БІЛДІМ

ҰНАДЫ 1 СӨЙЛЕМ 2 УЙРЕНДІМ

ҰНАМАДЫ 1ОЙ 3 БІЛГІМ КЕЛЕДІ


«Сақина салмақ» ойыны-1

Білім алушы - шығармадағы автордың «мен» бейнесін ашатын өлең тармақтарын табады-1

«Балық қаңқасы» диаграммасы-1

Кері байланысқа шығу-2


Барлығы 5балл

Кері байланыс

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

Байланыс

Рефлексия

Сабақ оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

















САБАҚ тақырыбы:

Бөлім «Қиял әлемі» Алтын сақа

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің есімі: Шоқбарова М.Қ


СЫНЫП: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

5.Т/А3.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.

5.Т/А2.Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік


Алтын сақаға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру)

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Видео көрсету,Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы тақырып

2 Бақылау жұмысы

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Топқа бөлу 2 минут

Оқушыларды стикерлер арқылы топқа бөлу. 1 топ «Кызыл түсті» стикер 2 топ «Көк түсті» стикер 3 топ «Ақ тусті» стикер




Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

 

Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің

мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.


1-топ «Қызылдар»

2-топ «Көктер»

3-топ «Ақтар»



Ортасы 20 минут

Білу және түсіну 10 минут

Топтарға тапсырма: (Мәтін бөліктерін тарату)

1-топ «Қызылдар»

Алтын сақа ертегісін сахналайды

2-топ «Көктер»

Ертегі мазмұнына сай сурет салу

3-топ «Ақтар»

Ертегіден алған әсерлеріне эссе жазады





Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі


Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі. Топта президент қалады. Келген өзге топ мүшелеріне берілген білім мазмұнын түсіндіреді.

«Интервью» әдісі

Оқушылар өз ойларын стикерлерге жазып жабыстырады. Мұғалім әр жауапты оқытып ұқсастықтарын, айырмашылықтарын тапқызып көреді.

Сергіту сәті

2 минут

«ЕРТЕГІЛЕР» әні


«ЕРТЕГІЛЕР» биі


Аяқталуы 20 минут











Дескриптор




Білім алушы

«Алтын саха» ертегісін сахыналау-

Ертегі мазмұнына сай сурет

Ертегіден алған асеріне эссе

Өз ойларын ортаға салу


Топтастыру

мен жұмыс жүргізу


Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?































Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Әлгі жерде бай жылқыларын қанша айдаса да суға жаба алмайды. Сол кезде бай тұрып, судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді. Өкпе суға батып кетіп, әлден уақыттан соң жалмауыз кемпір болып судан шығады да байдың жағасынан ала кетеді. Бай көзі алақандай болып, қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге:

 — Ат басындай алтын берейін, қоя бер, – дейді. Жалмауыз кемпір жібермейді.

Осы жылқыларымның бәрін берейін, қоя бер, – дейді. Кемпір көнбейді. Кемпірден сасып:

Енді не берейін? – дейді бай. Кемпір:

Жалғыз балаңды бер, жіберейін,– дейді. Бай жалғыз баласын бермек болады, кемпір байды қоя береді. Кемпір байға:

— Балаңды қай жерде бересің? – дейді. Сонда бай:

— Ертең көшемін, сонда баламның алтын сақасын жұртқа тастап кетейін, сен жұртта сол сақаның жанында отырасың, – дейді.

Сонымен бай жалмауыз кемпірге уәдесін беріп, жылқыларын айдап, кетіп қалады. Ертеңінде көшеді, жалғыз баласының алтын сақасын ұмыттырып, жұртқа тастап кетеді. Ауыл жаңа қонысқа көшіп барады. Асық ойнайын десе, сақасы жоқ, бала алтын сақасын жоқтап, жылайды.

         Сонда әкесі:

— Кеше көшіп жүргенде, жұртта қалыпты. Барып алып келе ғой,– дейді.

         Бала бармақшы болады да әкесінен:

— Әке, қандай тайға мініп барайын? – деп сұрайды.

— Жылқышыдан сұрап мін, – дейді бай. Жылқышы балаға:

— Құрығыңды құлдыратып, жүгеніңді сылдыратып, жылқыға бар. Қай тай бетіңе қараса, соны мін, – дейді. Бала құрығын құлдыратып, жүгенін сылдыратып, жылқыға келсе, шеттегі бір қотыр тай балаға қарай қалады. Бала сол қотыр тайды ұстайды да жүгендейді. Жүгендегенде тайдың қотыры жазылады. Үстіне тоқым салғанда, құнан болады. Үстіне ер салғанда, дөнен болады. Айылын тартқанда, бесті ат болады. Бала үстіне қарғып мінгенде, тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді. Жұртқа келсе, алтын сақасы ошақ басындағы тезек түбінде жатыр екен. Сақа жанында бір кемпір отыр екен. Бала кемпірге:

— Шеше, анау жатқан сақамды алып берші! – дейді.

Сонда кемпір:

— Шырағым, өзің түсіп ал. Кәріліктен отырсам -тұра алмаймын, тұрсам - отыра алмаймын, – дейді.

Сонда бала:

— Мен жастықтан түссем - міне алмаймын, мінсем - түсе алмаймын, – дейді.

         Сонда баланың тайы сақаның жанына жата қалады. Бала үзеңгіден аяғын суырмай, сақаны іліп алады. Тай тұра қашады. Жалмауыз кемпір тұра қуады. Бала қашып келеді. Әрі-бері қуып жете алмайтын болған соң, кемпір бір тісін жұлып алып, атып жібергенде, тайдың бір аяғын жұлып түсіреді. Тай үш аяғымен қашып, жеткізбейді. Кемпір тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып түседі. Тай екі аяғымен шауып бара жатып, жолында бір бәйтерекке кез болады. Тай әлсірейін дейді. Терек жанына бара бергенде, бала тайынан секіріп түсіп, бәйтеректің басына шығып кетеді. Жалмауыз кемпір бәйтеректің түбін кешке дейін қазады. Бір кезде бір қызыл түлкі келеді де кемпірге:

— Шеше, шаршаған екенсің, мен қаза тұрайын, сен ұйықтап демал, –дейді. Кемпір жатады. Түлкі тісті суға атады да қазған шұқырды қайта бітеп, өзі кетіп қалады. Кемпір тұра келсе, тісі де жоқ, түлкі де жоқ. Кемпір тағы бір тісін суырып алып, кетпен қылып, бәйтеректі қаза береді. Бір уақытта тағы да бір түлкі келіп:

— Шеше, кетпеніңді маған бере тұр, сен шаршаған шығарсың, мен қазайын, – дейді. Сонда жалмауыз кемпір:

— Сен кетпенімді алып қашып кетесің, – дейді.

         Сонда түлкі:

— Ол қырдың қызыл түлкісі, мен сайдың ақ түлкісімін. Баяғыда бұл баланың әкесі аң аулап жүргенде, мені қуып, соға жаздаған болатын. Сондықтан бұл балада менің кегім бар, – дейді. Жалмауыз кемпір түлкінің сөзіне сеніп, тағы да кетпенді түлкіге беріп, өзі ұйқыға кіріседі. Түлкі тағы да кетпенін суға лақтырып жібереді де шұқырды бітеп, өзі қашып кетеді. Кемпір тұрса, тағы да кетпені де жоқ, түлкі де жоқ. «Алда, ойбай-ай, алдаған екен ғой» деп, тағы да бір тісін суырып кетпен қылып, бәйтеректің түбін қаза береді. Сонда кемпір аузын ашса, бір-ақ тісі қалыпты. Кемпір бәйтеректің түбін қаза-қаза құлатуға жақындайды. Бір заманда баланың төбесінен бір топ қарға өтеді.

         Бала қарғаға:

— Ау, қарғалар, қарғалар, қанатымен жорғалар. Жайлаудағы бес төбетіме хабар айта кет, мені жалмауыз кемпірден арашалап алсын, – дейді.

Сонда қарғалар «қарқ-қарқ» етіп ұшып кетеді. Бір мезгілде үйректер төбеден ұшып өтеді, бала оларға да айтады. Олар да үндемей ұшып кете береді. Бір мезгілде бір қарлығаш бәйтеректің төбесінен әрлі-берлі ұшып жүреді де баланың төбесіне келіп қонады. Бала жылап тұрып, бұған да тапсырады. Бұрын бала қыстауындағы ұя салған қарлығаштың балапандарына тимей, бұларды жақсылап өсіріп, ұшырып жібереді екен. Сондықтан бала қарлығашпен дос екен. Сонымен, қарлығаш баланың төбеттеріне тапсырғанын айтып барады. «Осындай пәлен жердегі бәйтеректің басында бала тұр, бәйтеректің түбін жалмауыз кемпір қазып жақындатқан, енді құлатуға таяу тұр», – дейді, қарлығаш баланың төбеттеріне. Мұны естіген соң төбеттер шапқаннан шауып отырып, бәйтерекке келеді. Сол кезде бәйтерек те жерге құлайды. Баланың төбеттері жалмауыз кемпірдің қолын қол, бұтын бұт қылып, жүн-жүнін шығарып, талап тастайды.

Бала төбеттеріне кезек-кезек мініп, еліне аман-сау жетеді. Бала жалмауыздан аман-сау құтылып келгеніне әке-шешесі қатты қуанып, ел-жұртын жиып, үлкен той қылады. Бұдан былай неше күндер өткен соң, баяғы жалмауыз кемпірдің қызы құлаған бәйтеректің жанына келеді. Келсе, шешесінің жүн-жүні шығып, өліп қалғанын көреді. Кім өлтіргенін білу үшін сол жерде қарап жүрсе, иттердің ізі көрінеді. Мұнан соң қыз иттердің ізіне түсіп келе жатса, көп жылқыға кез болады. Енді ауыл жақын екенін біліп, ол жүріп келе жатады. Иттердің ізі тұп-тура байдың қотанына алып барады. Бұл кезде қотанға баяғы жалмауыз кемпірдің қызының келгенін біліп, бес төбет жалма-жан тұра ұмтылады, қыз кемпірдей емес, өте-күшті екен, бес төбетке бой бермейді. Сол арада бала садақпен атып, қыздың көзін шығарады, садақпен екінші атқанда, қызды өлтіреді.

Сөйтіп, жалмауыздан мәңгі құтылады.










3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


«Қиял әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, идеясын жұбыңызбен талқылаңыз. Мәтіндегі қосымша ақпаратты

анықтаңыз. Тақырыпқа байланысты көтерілген мәселені түсіндіріңіз.

1-мәтін

Қиял туралы жалпы ұғым

Ертегі десе әдетте әрдайым шындық, әділет жеңетін, ізгілік үстемдік құратын, бай

мен кедей теңесетін әлем ретінде қабылдаймыз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан

шыққан қыз ауқатты жігіттің етегінен ұстаса, оны Күлше қызға теңеп жатады. Бірақ

Күлше қыз ауқатты отбасынан болған. Жай ғана кедей шаруаның қызы болса патша

сарайында би кеші өтетінін қайдан білсін?! «Сұлу мен Құбыжық» ертегісінде жазушының

айтпағы, сырт келбеттің маңызды емес екендігі болса, кейіпкер неге соңына дейін

құбыжық болып қала бермейді? Неге құбыжық та, бақа да қарапайым жігіт емес, ханзадаға

айналады? Адамның сырт келбетті жоғары қоятыны, билікті, байлықты аңсайтыны

ертегілерде де көрініс тапқан сияқты. Ал сіз ертегілерден қандай шындықты

байқай алдыңыз? Сайып келгенде ертегілер мен шынайы өмір ұқсас па?

2-мәтін

Қиял

Қиял дегенімізсыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік

образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән

психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік

сақталатын төзімділік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда

болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға

түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап,

өңдеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.


(kitaphana.kz сайтынан)__

2-тапсырма

Суреттер желісі бойынша әңгіме құрастырыңыз.

Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл

Білім алушы

Мәтіннің мазмұнына

қатысты қосымша

ақпаратты анықтайды

1 тақырып туралы мәліметтерді

анықтайды;

1

тақырыпқа қажетті тірек сөздерді

орынды қолданып, ойын жүйелі

жеткізеді;

1

сөздік қоры мол, көркемдегіш

құралдарды дұрыс қолданады;

1

Тақырыпқа

байланысты

көтерілген мәселені

ажыратады

мәселеге дербес баға береді; 1

сыни пікірлер айтады; 1

сөзді орынды жеткізеді; 1

мәтіннен қосымша ақпараттарды

анықтайды;

1

2 сурет желісі бойынша кейіпкерлерді

қатыстыра отырып, әңгіме құрастырады.

1

1

1

Барлығы 10





















«Адамгершілік - асыл қасиет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тапсырма

Ақынның «Тұқымын адалдықтың шаштым, ектім...» деген өлең жолдарындағы

басты ойын дамыта отырып, өз пікіріңізді білдіріп, замандастарыңызға арнап хат

жазыңыз. Шынайы өмірмен байланыстырыңыз.



Бағалау критерийі

Дескриптор Балл

Білім алушы

Көркем шығармадан

алған әсерін сипаттап

хат жазады,

құрылымын сақтайды

1




хат құрылымын сақтайды кіріспе бөлімде автор өлеңінен алған әсері


1

негізгі бөлімде автор айтқан қасиеттердің

қазіргі өмірде көрініс табуына өмірден

дәлелдер келтіреді;

1



қорытынды бөлімде замандастарын

адамгершілік қасиеттерге шақырады;

1


Өмірмен

байланыстырады

шынайы өмірмен байланыстырады.




Барлығы: 5балл




1







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее