«Зимний фестиваль знаний 2025»

15+28;43-15 түріндегі екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі.

екі таңбалы сандарды қосу азайтуы туралы түсініктерін қалыптастыру

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: 15+28;43-15 түріндегі

екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі.

Мұғалімнің аты-жөні:Рыскалиева Д.К.

Күні: 23.11.2017ж

СЫНЫП: 2 «Б»

Қатысқан оқушылар саны: 28

Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.2.8.Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.


Күтілетін нәтижесі:

Біледі

Түсінеді




Қолданады

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

1.Спорт түрлерін біледі,өмірмен байланыстырады

2.Ауызша және жазбаша разрядтан аттап екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін біледі, түсінеді

3.Баған түрінде жазып есептеуді біледі

4.Есептерді шығарады,талдайды,дәлелдейді

5.Топпен,жұппен және жеке жұмыс жасайды

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер,бағдаршам,электрондық оқулық т.б.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Тілдік мақсаттар:

Музыка, қазақ тілі,дене тәрбиесі


Жүздік,ондық,бірлік,спорттық атаулар

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу. (санау арқылы 1,2,3,4)

-Балалар, мен сіздерге тосын сый әкелдім,қандай сый деп ойлайсыңдар?(иә,жоқ деген жауап беріледі)

-мозайка (әр топқа таратам,құрастырғанда қандай спорт суреті шығады,топтың аты сонымен аталады)

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

«Мен спортты сүйемін!»

Мақсаты: спортқа баулу

Спортқа байланысты елімізде өткен «Қысқы универсиада» туралы бейнетаспа тамашалайды (2мин)

Талдау:

-Өздеріңізді қалай сезінудесіз?

-Әр оқушы өзіне ұнайтын спорт түрін атайды

-Ендеше ,мына спортшы балаларға көмектесіп жіберейік,тез есептеп, әр топ бал жинап отырады.(№1)

-Қай топтың баласы тез ,дұрыс жауап береді сол топ бал алады


1-топ:

Волейбол шылар

2-топ: Баскетболшылар

3-топ: Футболшылар

4-топ:

Шаңғышылар






Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен және мақсатпен танысады.

«Жариялау» әдісі

-Әрбір топтан берілген тапсырма бойынша өз білгенін,түсінгенін айту керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мин) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, өзіне де ұпай жинап отырады




Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут







Қолдану

Дәптермен жұмыс.№3(Баған түрінде жарысып шығарады)

-3минутта қанша мысал шығарса сонша бал жинайды

Дәптермен , тақтамен жұмыс.№4 Есептерді шығар

Оқулықта берілген есептердің шарты плакатқа сызба түрінде беріліп,әр топқа бір есептен беріледі. Әрі қарай оқулықтан есепті оқып, топта орындап,тақтаға шығып қорғайды. Тапсырмалар орындау соңында кері байланыс орнату. Оқушылардың тапсырманы орындау деңгейіне сай бал беріп отыру.

Қосымша:

Сыныпта ғы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады, ойланады.

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті "Қара жорға


видеожазба






Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут


Қызықты қосымша тапсырмаларды орында:

5,6-тапсырмаларды ауызша орындау арқылы бал жинап отырады(жинаған балдарын әр топтың сандықшасына жабыстырып отыру)

-Бекітуге байланысты

Жаңа тақырыпқа байланысты электрондық оқулықтан ауызша тапсырмалар орындау арқылы да жарысып топтарына бал жинайды







Электрон дық оқулық

Бағалау


5 минут



Кері байланыс

3 минут

-Әр топтың жинаған балдары саналады да,мыс:Шаңғышылар бірінші келді,жарайсыңдар!(1,2,3,4-орындар беріледі)


-


Бағалау парақшасы



«Белгілер» әдісі.


Рефлексия

Бағдаршам

көздерін

көрсетеді

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?








Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Зимний фестиваль знаний 2025»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее