«Весенне-летний фестиваль знаний 2024»

Отбасы және жасөспірім.

Отбасы және жасөспірім тақырыбында ашық тәрбие сағаты

Олимпиады: Викторина "Безопасность — значит жить!" 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Отбасы және жасөспірім» дөңгелек үстел

Мақсаты:Топ оқушыларына отбасы тәрбиесі туралы ой салу, ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі сауаттылығын көтеру және жасөспірімдердің теріс жолға түсуіне жол бермеу.

Дөңгелек үстелге ата–аналар,сыныптың жалпы оқушылары қарастырылады.

Дөңгелек үстел 6 бөлімнен тұрады:

  1. Отбасы бақыты-ол...

  2. Отбасы туралы мақал-мәтелдер

  3. Бұгінгі менің ойым!

  4. Жасөспірімге әсер ететін зиянды нәрселер

  5. Сүйіспеншілік сипаты

  6. Қорытынды

1-Жүргізуші: Тәуелсіздіктің алтын тәжін киіп, тіліміз мемлекеттік мәртебе алғалы халқымыз еңсесін көтере бастады, ал еңсесін көтерген елге алдымен сапалы оқу - білім керек.
Болашақ тізгінін ұстар, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отыр. Осы ұлы мақсаттарға жету жолында киелі де қасиетті екі түсінік бар.
Бірі, баланың бастапқы тәрбие мектебі алтын бесік - отбасы болса, екіншісі, алтын ұя мектеп. Бұл екі ортаның да мақсаты – мүддесі ортақ. Отбасы, ата - ана адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бұл киелі жерде қызмет ететін мұғалім мен ата - анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі артылған.
2-Жүргізуші: Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім - тәрбиенің іргетасы ата - ана арқылы отбасында қаланады. Дана халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соңы ілерсің» демекші, ата - ананың әрбір іс - әрекеті балаға үлкен сабақ. Бала – ата ананың адамгершілік өмірінің айнасы. Ата - ананың киім кию, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы, өзгеге деген ілтипаты, үй ішіндегі тазалық пен тәртіп, сыпай мінез, мейірімділік, төзімділік, балаға деген сүйіспеншілік тәрбие барысында оң нәтижесін берері анық.
Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала жанұяда алады. Жанұя - әр бала үшін алтын бесік.
      Бүгін сіздерді “Отбасы бақыты –ол…” деп аталатын дөңгелек үстелге пікірлесуге шақырамын.

      Ендігі ойымызды осы тақырып төңірегінде топтастырып, әрі қарай жалғастырайық (оқушыларға да, ата – аналарға да мына ойларды жалғастыру беріледі)

а) отбасы бақыты – ол….

ә) бақыт дегеніміз — …..

б) борыш дегеніміз-…….

в) отбасы бақыты үшін мен…….

г) келешектегі отбасымның бақыты үшін мен……

(осы кезде әуен қойылып, қатысушылардың әуенмен жұмыс істеуіне жағдай туғызу керек)

      Ата – ана, оқушы жауабынан соң қорытынды жасалып, “осы отбасы бақытын бұзатын қандай жағдайлар?” деген сұрақ тасталады.

Келесі бөлімде студенттерге шығармашылық тапсырмалар беріледі, яғни «отбасы» туралы мақал-мәтелдер айтып, оның мағынасын түсіндіру.

1-Жүргізуші: 3 – бөлім “Бүгінгі менің ойым” деп аталады. Оқушыларға мынадай сұрақтар жазылған парақтар таратылады: Ата-ананың басты міндеті қандай?

Басты міндеті:
♦ Бала денсаулығына қамқорлық жасау
♦ Оқуына көмек көрсету
♦ Мамандық алуына көмектесу
♦ Тұлғаның әлеуметтенуіне көмектесу
♦ Ізгі эмоционалды - адамгершілік қатынас тәжірибесін қалыптастыру
♦ Қызығушылығы, қабілетті, бейімділігі мен шығармашылығын қалыптастыру
Демек балаларға үлгі көрсете отырып, оқытып, тәрбиелеуіміз керек. Егер ертеңгі болашағымыз жарқын болсын десек «жаста берген тәрбие, жас шыбықты игендей» деген ата тәрбиесі «Балаға үміт арту - әкенің парызы, ақтау баланың қарызы» деген мақал осыған байланысты туған. Әрбір ата - ана баланың асыл азамат болып өскенін қалайды, бұл үшін қолынан келгеннің бәрін істейді.
Бала тәрбиесінде мына тұжырымды ұстансақ ісіміз өз нәтижесін бере алады.
● Бала мектеп үшін, мектеп бала үшін жұмыс істейді
● Баға құнды емес, бала құнды
● Ұстаз қызметінің мақсаты өз пәнін жақсы үйретуден гөрі, тереңіректе, ол - адамды қалыптастырушы адам
● Бала тағдырына ойланып қара, сабаққа келмесе себебін біл, тентек болса, себебіне үңіл
● Балаңыздың ықыласын оят, қолынан іс келетініне сендір
Балалар ел болашағы, сондықтан да баланың кішкене кезінен патриоттық сезімін тудырып әрдайым баламен ақылдасып, өзіне ерік беріп отырған жөн. Сонда бала өзіне сенімді, тапқыр азамат болып өседі.

Қазіргі кезде республикамыздағы мектеп оқушылары арасында 13 - 15 жастағы оқушылардың 46 пайызы шылым шегеді. Бұл – өте өкінішті жағдай.
1. Бүгінгі таңда елімізді толғандыратын адамның денсаулығына әсер ететін қандай зиянды заттарды білесіздер?
2. Темекі шегетін адамның өмірі қысқа болады ма?
3. Темекінің құрамында қанша химиялық заттар бар?(4000 астам)
4. Темекі шегудің алдын алу жолдары қандай? (темекі тастағысы келгенге көмек көрсету, қоғ/қ орындарда темекі шеккенге тыйым салу, кәмелетке толмағандарағ темекі сатпау) (темекі туралы слайд жүріп жатады)
5. Насыбай құрамында не бар?
6. Насыбай қолдану адамның қандай ағзаларын зақымдайды? (асқазан, бауыр)
(насыбай туралы слайд)
- Оқушылар темекі жайлы өз ойын айтып шықты, сол жауаптармен келісесіз бе және темекі адам ағзасына қандай әсері бар екенің айтып кетсеңіз?

Жүргізуші: Келесі бөлім “Сүйіспеншілік сипаты” деп аталады. Бағана өздеріңіз сыныпқа кіріп келе жатқанда берілген жапырақарды пайдаланар сәт туды. “Отбасының бақыты үшін не керек?” деген сұраққа байланысты ойларыңызды көк жапыраққа, ал отбасын бұзатын жағдайлар туралы пікірлеріңізді сары жапыраққа жазып, ілулі тұрған тақтадағы ағашқа жапсырамыз.

  • Енді осы ойларымыздың барлығы неге ағашқа жапырақ түрінде жапсырылды, қалай ойлайсыздар… (оқушылардың пікірін тыңдаймыз, болмаса жүргізушінің өзі қорытындылайды)

  • Әрбір отбасы — өрнек жайған ағаш діңгегі. Егер осы сары жапырақтар көп болса, сіздің отбасыңызды қауіп – қатер қорқыныш, бақытсыздық жайлай бастағандығы. Ол мына өздеріңіз жазғандай арақ, айқай, келіспеушілік, әкенің балаға, баланың анасына көңіл бөлмеуі. Ал егер көк жапырақ көп болса, онда сіздің отбасыңызды бақыттың орнағандығы, яғни түсіністік, сыйластық, бір – біріне деген махаббат, адалдық, жүрек жылуы, баласының анаға, ананың балаға жылуы.

Үлкендер бата бергенде көптеп көгер, ұрпақ жай деп жатады, сол сияқты отбасының көктеп – көгеруі үшін, бақыты үшін мына өздеріңіз жазған жақсы ойлардың барлығы керек. Отбасы бақыты ол отбасы мүшесінің барлығына байланысты.

Қорытынды: Күнді қолмен бүркеуге болмайтындай, барлық проблемадан қашып құтылу мүмкін емес. Балаларымызды тек қана компьютермен, қымбат киім алып берумен, күнделікті ақшамен қамамасыз етумен шектелмей, олардың өміріне белсене араласып, проблемасын бірге шешетін кез келді. Қадірменді ата – ана Макаренконың “Біздің балаларымыз – біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие – бұл бақытты қарттық, нашар тәрбие – бұл біздің болашақтағы сорымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар мен бүкіл ел алдындағы кінәміз” – деп айтқандай бақытты қарттық көргіміз келсе, балаларымызды жақсылап тәрбиелейік. Қадірменді оқушы, ата – анаңа ақыл қосар ақылшы екеніңді, қиындығын жеңілдетер көмекшісі екеніңді, яғни ертеңгі күнгі үміті екеніңді ұмітпа. Әрбір отбасы бақыты сол отбасын құрап отырған мүшелердің барлығына тікелей байланысты. 





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Весенне-летний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее