«Весенне-летний фестиваль знаний 2024»

Отбасы әлеуметтік топ ретінде

Отбасы әлеуметтік топ ретінде

Отбасы — ежелден қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады.

Отбасында пайда болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды сараптау, оның мән-мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің, олардың ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі құрылысын, атқаратын функциясын және т.б. зерттеу әлеуметтану ғылымының алға қояр аса маңызды талаптары.

Отбасы — белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез - құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.

Сонымен қатар отбасы — некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын төп. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады.

Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сүйіспеншілік, өзара сыйластық, т.б. жатады.

Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Мемлекет отбасына өзінің отбасы және неке туралы заңдарымен ықпал етіп, отбасы мүшелерінің бір-бірімен және олардың коғаммен, мемлекетпен қарым-қатынастарын реттеп отырады.

Отбасы көптеген коғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың, құқықтанудың, этнографияның, психологияның, педагогиканың, саясаттанудың және демографияның зерттеу объектісі болып саналады. Олардың әрқайсысы өз пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп қарастырады. Мысалы, әлеуметтану отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін әз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың тағы бір саласы — отбасы әлеуметтануы қалыптасты.

Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, оның шығуының әлеуметтік заңдылықтары талданады. Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі (отбасы мен қоғамның өзара әрекетін талдау) қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі (отбасы ішіндегі қатынастарды зерттеу) жағдайын зерттейді.

Әлеуметтік институт тұрғысынан отбасыны қарастырғанда неке - отбасы қатынастары саласындағы қоғамдық сананың қалыптасуына, әр түрлі жағдайдағы халықтың қайсыбір топтарының отбасылық тәртібіне жалпылама сипаттама беруге, отбасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру тиімділігіне және т.б. баса назар аударылады.

Отбасын шағын әлеуметтік топ ретінде зерттегенде қазіргі отбасының даму кезеңдерінің, құрылымдарының және атқаратын қызметтерінің қалыптасу жағдайлары, әке-шеше мен олардың ұрпағының арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасындағы міндеттерді әркімге бөлу, ажырасудың себептері мен мотивтері және т.б. осындай мәселелер қарастырылады.

Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз құбылыстарға (ажырасу санының артуы, көптеген отбасыларының дүниеге бір ғана нәресте әкелуге бағыт ұстануы, жалғыз бастылардың санының өсуі, т.б.) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады.

Әлеуметтік тұрғыдан алғанда отбасы белгілі бір вокалдық құрылымы және атқаратын әлеуметтік кызметтерінің ерекшеліктері арқылы сипатталады.

Отбасының вокалдануы — бұл тек туыстық қарым-қатынастармен шектеліп қалмай, туыстардың бірлесе өмір сүретіндігін де мойындайды, сондықтан олардың тұрмысында ортақ элементтердің болуы, отбасы мүшелерінің экономикалық өзара көмек көрсетуі үнемі ұшырасып тұрады. Бұл тұрғыдан алғанда отбасын қоғамның экономикалық ұясы ретінде қарастыруға болады.

Отбасының құрылымы - бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып саналады. Отбасының құрылымы мен тәртібі, өмір салты, дәстүрі, өзге отбасыларымен және қоғаммен өзара қарым-қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты екені рас.

Отбасылары коғамдық басқа да институттар іспетті белгілі бір функциялар атқарады. Отбасының функциясы дегеніміз оның белгілі бір әлеуметтік салдары бар кызметі. Өзге институттардың атқаратын міндеттерінен мұны жеке-дара бөліп көрсету үшін отбасы қызметін ерекшелікті және ерекшеліксіз деп ажыратады. Отбасының ерекшелікті кызметтері оның отбасылық мәнінен келіп шығады және қоғамдық құбылыс ретінде отбасының ерекшеліктерін бейнелейді, ал ерекшеліксіз кызметтер белгілі бір тарихи жағдайға орай еріксізден немесе бейімделуден туындайтын отбасының міндеттері. Отбасының ерекшелікті қызметтеріне:

- халықтың ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу;

- балаларды асырап, сақтау (экзистенциалды);

- балаларды тәрбиелеу (әлеуметтенді) жатады.

Бұл кызметтер коғамның әр дәуірде өзгерістерге түсуіне қарамастан отбасының ертеден келе жатқан міндеттері болып саналады.

Отбасының ерекшеліксіз кызметтері жеке меншіктің жинақталып қорлануы мен оған ие болу жөніндегі статусты, өндіріс пен тұтынуды, үй шаруашылығын жүргізу мен демалуды ұйымдастыруды, отбасы мүшелерінің денсаулығы мен амандығына қамқорлық, микро ахуал жасауды қамтиды. Бұл қызметтердің бәрі отбасы мен коғам арасындағы байланыстың тарихи сипатын көрсетеді, отбасындағы нәрестенің дүниеге келуі, оның күтімі мен тәрбиесінің қалай жүретіндігі назардан тыс қалмайды.

Сондықтан отбасындағы өзгерістер әр түрлі тарихи кезеңдегі олардың ерекшеліксіз кызметтерін салыстырудан байқалады. Айталық, жаңа бір жағдайға орай кызмет түрлері де модификациялады, шеңберін тарылтады немесе кеңейтеді, толық немесе жартылай іске асады, тіптен жойылып кетуі де мүмкін.

Қазіргі кездегі халықты ұдайы көбейтіп, өсірудің (репродуктивтік) жағдайына тоқталатын болсақ, онда еліміздегі әр отбасында екі немесе үш баладан болуы керек, сонда ғана халықтың саны азаймайды. Алайда, бүгінде дүниеге нәресте әкелу деңгейінің төмендеуі, қарттардың санының артуы, бір балалы немесе баласыз отбасыларының көбеюі, некесіз туған сәбилер санының артуы байқалады. 80-жылдарда қалыптасқан қағида бойынша көптеген отбасылар баланы күтуге, асырауға, жақсы тәрбие беруге жағдай жоқ, оған баспананың тарлығы, материалдық қиыншылықтар, үй шаруашылығының ауырлығы мүмкіндік бермейді десе, енді берулері ең алдымен өздері үшін өмір сүргісі келетіндерін желеу етті. 90-жылдары бала тууды шектеудің сылтаулары мен қағидаларында басқа да үлкен өзгерістер байқалды, соның ішінде материалдық - экономикалық себептер, ертеңгі күнге деген сенімсіздік алдыңғы қатарға шықты. Ажыра - сулар, некеге адамдардың кеш отыруы да (35—40 жаста) бала туу санның азаюына әкеліп соғуда. Елдің әр аймақтары мен халықтың әрқилы топтары арасында дүниеге нәресте әкелу көрсеткіштері әр түрлі. Қазақстандағы экономикалық дағдарыс украин, орыс, беларус, неміс, корей, татар диаспораларының нәрестелі болуына аса кері өсер етті. Бұларда адамның ұдайы өсу қарқыны байқалмайды. Қазақ халқының да жағдайы соларға жақын. Жұмыссыздық, балаларға арналған тауарлар бағасының артуы, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мөлшерінің төмен болуы, т.б. себептер ата-аналардың коғам алдындағы ерлі - зайыптылық парыздарын орындау арқылы әмірге нәресте әкелу жөніндегі міндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіріп отыр.

Халықтың ұдайы өсуі мен күнделікті бала тәрбиелеу жөніндегі мәселелерді бір-бірімен ұштастыратын орта — отбасы. Ол дұрыс қалыптаспай, сәбидің, баланың жан-жақты дамуы мүмкін емес. Оның үстіне отбасын бұл мәселеде бірде-бір институт немесе ұйым алмастыра алмайды. Отбасындағы тәрбие атаулының барлығына әке-шеше тікелей ықпал етеді. Отбасының күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі өзара қамқорлық пен жылылық сезім, туыстық қарым-қатынастар, басқа да жағдайлар баланың бойындағы кептеген мәні зор әлеуметтік сапаларды қалыптастыратын және оның дұрыс дамуына үздіксіз ықпал ететін тәрбиелік күш болып табылады. Өйткені әке-шешенің үлгі боларлық қасиеттері ұл мен қыздың ой-санасының, таным дүниесінің артуына, адамшылық жақтарының орнығуына әсерін тигізбей қоймайды. Ата-ананың тәрбиесі сәбидің туған күнінен бастау андып, оның жас ерекшеліктеріне сәйкес күрделеніп, тәрбиенің талап - міндеттері күшейеді. Отбасыда ұлдар мен қыздар тәрбиенің маңызды түрлері - еңбексүйгіштікке, кішіпейілділікке, ұқыптылыққа және т.б. баулынады. Үй шаруашылығындағы еңбекке жас өспірімдерді тарту, соған жаттықтыру арқылы оларды жұмыс істеуге, оны сүюге тәрбиелеудің маңызы зор. Ата-ананың ішімдікке салынуы баланың тұлға ретінде қалыптасуына кері әсер етіп, олардың мінез - құлықтарының, тәрбиесінің теріс бағыт алуына, сөйтіп жеткіншектің қылмыс жасауына себепкер болады. Отбасындағы тәрбие рөлінің осылайша құлдырауы отбасы ішінде болып жататын аса өзекті өзгерістерге де тікелей байланысты. Отбасында қалыптасқан дәстүрлі ережеден, яғни шаңырақ иесі — ер адам деген қағидадан ауытқып, ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқығын бір деңгейге қоюда ер адамның тәрбие барысындағы беделін жойып, оның отбасы мүшелеріне ықпал ету дәрежесін төмендетті. Осыдан барып әкесі мен шешесі отбасындағы біртұтас тұлға деген түйсік - түсінікті бойына қалыптастырып, сіңісті алмаған жас өспірімдер әкесі мен шешесі бір-біріне мүлде тәуелсіз, бөтен адамдар деп қарастырады. Әлеуметтанушылардың пікіріне сүйенсек, отбасы тәрбиесінің қалыптасқан бірнеше тұрақты стереотиптері бар: бала центризмі, профессионализмі, прагматизмі. Бұлардың біріншісінде балаларға деген жалған махаббат бәрін кешірімпаздыққа сайдырып, соған итермелейді. Мұндай отбасында балалар шолжың болып еседі, тыйым салулар мен жүктелген міндеттерді мойындамайды, соның ішінде ата-ананың алдындағы міндетін, борышын да ескермейді. Әдетте осындай балалардың қалыптасуына отбасындағы ересек адамдар ықпал етеді. Әсіресе бұл бір бала өсіріп отырған отбасында және немерелерін өмірде кездесетін қиыншылықтардан қызғыштай қорыған әжесі мен атасының тәрбиесіне берілген балалар бойында жиі кездеседі. Осынын салдарынан әзіне қойылатын жауапкершілікті қабыл алмайтын инфантильді жас адамдар легі өсіп-жетілуде. Профессионализмге келетін болсақ, онда ата-аналар балаларының тәрбиесін бала-бақшалары мен мектептердегі кәсіби тәрбиешілер, педагогтардың иығына артып, өздері тәрбие беруден тыс қалады. Мұндай ата-аналар әз балаларына материалдық жағдай жасауды ғана басты борышым деп санайды. Ал тәрбие дұрыс болмаса, оған балалары кінәлі деп есептейді немесе өздеріне ауыртпалық түскенде ғана тәрбие ісіне араласады. Әлбетте, мұндай ата-аналар әз балаларына тәрбие тұрғысында ықпал етуде қатаң тыйым салу, оларды балағаттау, ұрып-соғу тәсілдерін қолданады. Сөйтіп, ата-аналар мен балалар бір-бірінен алшақтай бастайды, өзара қарым-қатынастары бұзылады, олардың сенімі де жоғалады, бірлесе отырып талқылайтын мәселелерінің шеңбері де қысқара түседі. Осылардың салдарынан мұндай отбасындағы баланың бойында ересектермен пікір алысу тәжірибесі қалыптаспайды, ересектермен өзара қарым-қатынас орнатудағы қабілеттері дамымайды да, бұл жағдай кейін баланың әлеуметтік ортамен байланысуын күрделендіреді. Прагматисті тәрбие — баланы тәжірибелілікке, істі тез шешу қабілетін арттыруға, материалдық пайда табушылық, іскерлікке бағытталған. Нарықтық экономикаға көшу кезінде тәрбиенің осы бағытының кең түрде етек алуы әдетте қауіп-катерге ұрындырады. Утилитаристік тәртіпке келетін болсақ, ол әдеттегі сана деңгейінен тым жоғары дәрежеде дамымайды, жаңа жағдайға орай соның ықпалынан шыға алмайды. Жоғарыда баяндағанымызды түйіндейтін болсақ, отбасының тәлім-тәрбиесінің статусы да, онда орын алған келеңсіздіктер де жас ұрпақтың әрқайсысына көп әсер етеді. Сонымен бірге бұл жаңа адамды дайындаудың маңызды процесінің болашақтағы қорытындысы қандай болатынын анық көрсетеді.

Отбасының шаруашылық - экономикалық функциясы отбасылық қарым-қатынастардың әртүрлі мәселелерін, нақты атап айтар болсақ, олар үй шаруасын жүргізу, отбасы бюджетін құрып, жұмсай білу, тұтынуды ұйымдастыру, үйдегі жұмысты тең бөлу проблемасы, қарттар мен мүгедектерге қолдау, көмек көрсету мен қамқорлық жасау, т.б. қамтиды. Үй тіршілігін механикаландыру деңгейінің төмен болуы, тұрмыстық кызмет көрсету тораптарының кызметін пайдаланудың қиындауы мен қымбаттауы тұрмыстағы проблемаларды ең алдымен әйелдердің иығына артты, бұл олардың онсыз да ауыр рөлдік жағдайын қиындата түсті, дәлірек айтқанда, әйелдердің кәсіби кызметі мен олардың отбасындағы міндеттері арасында, әйел, ана және еңбекші арасында қайшылықтар туындады. Зерттеулерге жүгінсек, жұмыс істемей отбасында отырған әйелдердің тұрмыс-тіршілігі әйелдерді аздап болса да қызықтырады, өйткені олар балалары мен күйеулерін күтуді маңызды шара деп есептейді. Көптеген әйелдер ер адамдарға қарағанда жұмыс уақыттарының қысқа болуын, ал жылдық демалыстарының ұзақ болуын қалайды.

Отбасының рекреациялы функциясы қазіргі кезде ерекше маңызға ие болып отыр. Өмірдегі құбылыстар тез өзгерістерге ұшырап, соның салдарынан әр түрлі әлеуметтік және психологиялық тұрғыда ықпал ету арта түскен бүгінгі таңда стрестік жағдайлар саны біршама көбейіп, отбасы бұдан кейінгі ерекше терапиялы рөл атқару міндеттерін өз мойнына алды. Өйткені әрбір отбасы жан тыныштығын, өзара сенімнің қалыптасуын, қауіпсіздік сезімі мен психологиялы тұрғыдағы онды ортаны қалайды, әрі соны орнықтырады. Аталмыш функция езіне рухани - эстетикалық сәттерді, сонымен қатар отбасылық демалысты ұйымдастыруды да өз құзырына қосып алған. Отбасы өмірінің рекреациялы мәселесі отбасы қатынасының мәдениетімен тығыз байланысты, бұл отбасының жалпы өміріне, оның тұрақтылығына, тіптен некенің сақталуына үлкен ықпал жасайды.

Отбасының статустық функциясы да бар. Отбасында тәрбиеленген әрбір адам өз отбасының мүшелеріне етене жақын кейбір статустарды мұра етіп алады. Бұл ең алдымен тұлғаның мынандай аса маңызды статустарын: ұлтын, қала немесе село мәдениетіндегі орнын және т.б. жағдайларды қамтиды. Таптық қоғамдарда отбасының белгілі бір әлеуметтік жікке бөлінуі баланың келешек өмірін көбіне-көп анықтайтын мүмкіндіктер жасайды. Әлбетте, таптық статус адамның күш-жігеріне орай және қолайлы жағдайлардың тууына байланысты өзгерістерге ұшырайды, алайда, адамның болашағын оның ез отбасынан іздеу керек. Ата-анасының және туыстарының статустарына етене жақын рөлді атқара білу статустарына баланы дағдыландырып, дайындауды міндетті түрде отбасы жүзеге асыруы тиіс. Оны іске асыру барысында баланы әртүрлі жағдайларға, мүдделерге, құндылықтарға, өмір салтына қызықтыра отырып тәрбиелейді.

Қорғау функциясына келетін болсақ, онда отбасы институты өз мүшелерін әр түрлі деңгейде физикалық, экономикалық және психологиялық тұрғыда қарастырады. Отбасы институты қоғамдық басқа институттардың арасында ерекше орын алады, оны жете зерттеуге де айрықша көңіл бөлінеді. Өйткені отбасы ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалатын мәдениет үлгілерін одан әрі жалғастырушы, ілгері апарушы болуымен қатар, тұлғаны әлеуметтендірудің қажетті жағдайын да қалыптастырады. Адам әлеуметтік рөлдерді тек отбасында ғана үйренеді, білімнің негіздерін алады, мінез - құлық дағдыларын қабылдайды.

Отбасылық әмір ережелері, олардың алғышарттары мен бастаулары, салт-дәстүрлері әр коғамда өзіндік өзгешеліктері арқылы ерекшеленеді. Оз қоғамындағы отбасылық өмірдің құрылымы, отбасылық дәстүрі мен бастаулары әркімге ең тәуірі, бірегейі болып көрінеді. Сөйтіп, отбасылық өмір көбіне-көп этно центризм тұрғысынан қарастырылған. Отбасы қоғамның маңызды бөлігі болып саналады десек, онда неге адамзат бәріне ортақ отбасы үлгісін жасамайды? - деген сауал туады. Бұған жауап беру үшін отбасы институтының шығуы мен дамуы туралы мәселені қарастыру қажет.

Көптеген қарапайым қоғамда отбасы ешкімге ұқсамайтын бірден-бір дара тұрған ерекше өміршең және функция атқарушы институт болып есептеледі. Айталық, казіргі Орталық Африка тайпалары мен Солтүстіктің көптеген халықтарында әлеуметтік институттардың басқа елдерге тән езге формалары байқалмайды. Оларда әр деңгейдегі билік етушілер, формалды заңдар, дін қызметшілері, мамандандырылған кәсіпкер жоқ. Бұл коғамдағы адамдардың бүкіл өмірі отбасында ғана өтеді. Билікті, азық-түлікті және өзге де құнды ресурстарды бөлу мәселелері бір ғана отбасының шеңберінде, тіпті әрі кеткенде бірнеше отбасының кеңесінде ғана шешіледі. Бір сөзбен айтсақ, қарапайым коғамдарда әлеуметтік институттар қанағаттандыруға тиісті физикалық және әлеуметтік қажеттіліктер болмайды. Ондай коғамдарға отбасы институты жеткілікті. Сайып келгенде, отбасы қарапайым аңшылар мен жер ендеушілер үшін экономикалық өнімдерді бөлудің бірегей үлгідегі жеке-дара және жеткілікті институты болып табылады.

Бұған қарағанда біршама күрделі мәдениет деңгейіне көшу кезінде басқа институттық құрылымдар үлкен маңызға ие болады. Қарапайым тайпалардың өзіне етене жақын адамдармен және әзге де көрші тайпалармен сауда-саттыққа кешуі саудагерлерді, тауар тиеушілерді және т.б. отбасы институтының шеңберінен өрбитін мамандықтарды қалыптастырды. Бұлардан сәл кейін сауда өнімдерін өндіретін арнайы шеберлер мен қолөнершілер пайда болады. Олар кәсіби жүктелістің одан әрі іске асуының негізіне айналады. Пайда болған экономикалық институттар отбасылық рөлдер мен функциялардан тыс қызметтерді мамандандыруды жүзеге асырады.

Қарапайым қоғамдарда тәртіпті сақтау мен орнықтыру әлі де ресми заңдардың, полиция органдарының, соттың қатысуынсыз-ақ қолдау тауып отырады. Онда отбасы ғана бедел иесі болып саналады: отбасының ішінен сайланған бедел иесі оның өзге мүшелеріне ез билігі мен ықпалын жүргізеді. Тайпа көлемінің ұлғаюына байланысты мәдениет те күрделене түседі, сөйтіп енді формалды саяси ұйымдардың кажеттілігі туады. Отбасыларының от ағалары тайпалық кеңестерге біріге бастайды, тайпалар - конфедерацияларға бірігеді, түптеп келгенде, мұнын өзі бюрократияның пайда болып, дамуына әкеп соғады.

Сайып келгенде, қарапайым коғамда немесе казіргі коғамда болсын саяси ұйымдардың қалыптасуы ғана ұйымдаспай келген адамдар тобырын бірлескен, үйлесімді саяси немесе әскери әрекеттер жасай алатын адамдар қауымдастығына біріктіруге ықпал етеді. Дәл осындай жолмен, яғни кәсіби еңбек бөлінісінің аркасында дін кызметкерлері мен мұғалімдердің заңдастырылған рөлдері пайда болып, дін және білім институттары дами бастайды. Адамдар мұндай тәжірибемен өте сирек айналысатындықтан, бұл отбасы дәстүрімен шендеспейді. Демек, отбасы бүкіл әлеуметтік институтардың негізі болып саналады, біз отбасылардың дамуын сөз еткенде жалпы қоғамның дамуын қарастырғандай боламыз.

Коғамның өзге де институттары сияқты отбасы да коғам үшін маңызды белгілі бір функцияларды атқару үшін қабылданған нормалар мен процедуралардың жүйесін құрайды. Бұл жағдайда отбасы неке немесе адамдардың туыстық қатынастары арқылы байланысқан топ ретінде анықталады. Ол балаларды тәрбиелеуді қамтамасыз етеді және басқа да қоғамдық маңызы бар қажеттіліктерді қанағаттандырады. Көптеген коғамдардағы отбасы функциялары бір-бірінен соншалық деңгейде ерекшелене қоймайды, ал отбасында қалыптасқан дағдылар мен әдет-ғүрыптар осы функцияларды жүзеге асыруда адамдарға үлкен көмек көрсетеді. Алайда, бұлар мейлінше әр түрлі болады Отбасылық өмірдің бүкіл түрлерін, бітім-болмысын теріп жазатын болса, онда әр коғамның отбасын құрудағы өзіндік ерекше формасының болғанын аңғару киын емес.

Ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу санының өсуінен көрініп отырғандай, неке мен отбасының тұрақтамау көрсеткіші дүние жүзінін бүкіл дамыған елдеріне тән нәрсе. Бұл урбанизация және оның халықтың интенсивті көші-қонына тигізетін әсері, әйелдердің эмансипациясы, ғылыми-техникалық төңкерістің ықпалы, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, этникалық, діни сипаттағы себептер арқылы түсіндіріледі. Казіргі уақытта отбасы институты аса ауыр жағдайды басынан кешіріп отыр. Отбасын сырттан тұрақтандыратын көптеген алғышарттар, атап айтсақ, әйелінің күйеуіне экономикалық тәуелділігі, ажырасуға заң, дін, мораль тұрғысында тыйым салулар немесе әрқилы кінәлаушылықтар жойылды. Мұндай жағдайда некенің тұрақтылығын сақтаудағы отбасына тән ішкі алғышарттардың маңыздылығы артады. Әлеуметтану зерттеулері көрсеткеніндей, ажырасуға көбінесе ерлі-зайыптылардың арасында болатын әр түрлі өзара шиеленістер (жанжал) ықпал етеді. Ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынастарының бірнеше деңгейлері бар. Сол деңгейлерде, яғни өзара үйлесім таппаған жағдайда олардың арасында шиеленістер бой көрсете бастайды. Оның біріншісі — психофизиологиялық деңгей. Мұндағы үйлеспеушілік жыныстық қарым-қатынастың бұзылуынан байқалады. £ Жалпы бұл құбылыс өте жиі кездеседі, алайда көптеген зерттеушілер оны ажырасудың негізгі себебі деп қарастырмайды. Психологиялық деңгей кезінде отбасында әрқилы жағымсыз ахуалдардың пайда болатындығы байқалады, бұл үнемі кездесіп, қайталанып тұратын отбасындағы ұрыс-керістен, бір-біріне тиісуден, ашушаңдықтан құралады. Мұндайда ата-ана өзінің ала алмаған ашу-ызасын балаға төгеді. Үшіншісі — әлеуметтік - рөлдік деңгей. Бұл деңгейде отбасындағы ымырашылдық, сыйласымды пен тұрақтылықтың бұзылуы мына белгілерден байқалады: отбасылық - тұрмыстық ауыртпалықтардың кімге түсетіндігі мен міндеттерді қате түсіну, оны тең бөлмеу, қиыншылықты бірлесе отырып көтермеу, отбасылық укладтың жөн - жосықсыздығы секілді көріністер. Төртінші — әлеуметтік-мәдени деңгей. Мұнда шиеленістер ерлі-зайыптылардың бірін-бірі түсінуден қалуы, сыйламауы, қызығушылықтың жойылуы немесе қарым-қатынасқа қанағаттанбау, оның өмірлік кұндылықтарын, идеалдарын қабылдамау сипатында орын алады.

Қай деңгейде болмасын шиеленісті тудыратын себептер аса мол, әрі оның түрлері мен сипаттары да аз емес. Десек те, сол себептердің мезгілге орай пайда болуына байланысты оларды екі үлкен топқа бөлуге болады. Оның алғашқысы - отбасын құрғанға дейінгі объективті түрде қалыптасқан өзара қарым-қатынастардың, некеге тұрғаннан кейін, бірлесіп өмір сүрген кездегі және ортақ шаруашылықты жүргізу тұсында пайда болған себептер. Екінші топтағы себептерді тәуекел етудің алғышарттары деп атайды. Өйткені некеге отырғанға дейінгі қыз бен жігіттің танысуы кезінде қалыптасқан іңкәрлік сезім мен сыйластық ажырасуды біршама тежейді. Тәуекелдің алғышарттары адамның кемел тұлғалығына, оның шыққан тегіне, алған тәрбиесіне, некеге отыру кезіндегі шарттарына тікелей байланысты. Тәуекелдік алғышарттарға: ерлі-зайыптылардың білімі мен жас мөлшеріндегі айырмашылықтар; ерлі-зайыптылардың бірінің маскүнемдікке салынуы; некеге, жалпы отбасына немқұрайлы, жеңіл-желпі қарауы; некеге аса жас кезінде тұрудың себептері, бір-бірін жете танып-білудің ұзаққа созылмауы; некеге отыруға ата-аналардың қатаң қарсы болуы; өзара келісімсіз, қысыммен некеге отырулар жатады. Бұл алғышарттардың қалай жүзеге асып жатқаны бірлесіп өткізген ғұмырларының алғашқы жылында - ақ езін байқата бастайды. Зерттеулердің қорытындыларын сараласақ, жас адамдардың біраз бөлігі некеге отырғанда отбасына жат әрекеттерді басшылыққа алып, соларға сүйенген. Мысалы, ата - анасының жанынан, сол езі өскен отбасынан кетуге, өз бетінше жеке-дара жауапты кадам жасауға, біреуден кек алуға немесе тандап алған досына серік болуға ниеттенеді. Әлбетте, некеге бұлайша атүсті, жауапкерсіздікпен қарау, бірігіп түтін түтетуге сай келетін мақсат-мүдделердің болмауы, түптеп келгенде, ерлі-зайыптылардың алдына біршама қиыншылықтарды тосады. Олар — отбасының өзін-өзі билеуі, ерлі-зайыптылық рөлдерді анықтау, әрқайсысының отбасының ішіндегі статусын, әздерінің ортақ мақсаттарын белгілеу жөніндегі міндеттері. 20 жастан аспай үйленгендер арасында некеге отырудың психологиялық дайындығының болмайтыны анықталған. Жас отбасы әдетте ата-анасынан бөлініп кетпейді және бастапқы кезде материалдық жағынан әке-шешесіне тұтастай тәуелді болады. Мұндай жағдайда жаңадан отау көтерген жастар арасында өз тіршіліктерін өз беттерінше қамтамасыз ету, ондағы отағасылық билік, үй болған жастар арасындағы және олармен бірге тұратын ата-аналарымен өзара дұрыс қарым-қатынас орнату проблемалары туындайды. Бұл проблемалар ерлі-зайыптыларды қалай болған күнде де әрқилы шиеленістерге әкеліп соқтырады.

Олимпиады: Всеобщая история 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Ерлі-зайыптылардың ажырасу себептерінің арасында олардың бір-бірінен көңілдерінің сууы және осының негізінде алғашқы махаббат сезімінің жойылуы да жиі кездеседі. Бұл көбінесе үш айдан алты айға дейін ғана таныс болып, бірін-бірі жете білмей үйлене салғандар арасында ұшырасады. Демек, некенің беріктігіне, босағаның солқылдамағына теріс әсер ететін бірнеше алғышарттардың отбасын құрмай тұрып қалыптасуы да ықтимал. Десек те, екі жастың бірлесіп өмір сүру кезінде қалыптасатын бірқатар себептер ерлі - зайыптардың ажырасуына ықпал етеді. 25-30 жастағы ерлі-зайыптылар арасында некенің бұзылуы кептеп кездеседі. Осы жастағы ерлі-зайыптылардың тұрмыс - жағдайлары жақсы болғанымен, оның үстіне бір-бірін түсінісіп, кемшіліктерін де біршама тәуір біліп қалғанына қарамастан, әлдебір себептердің түрткі болуы арқылы олар бірге тұрудың мүмкін еместігіне көз жеткізеді де, ажырасып тынады. Сонымен бірге айта кететін бір жай, бұлар толыққанды жаңа отбасын құрудың жөн-жосығын біле бермейді және де балалы болып, оны тәрбиелеуге де тәжірибелі емес. Ажырасудың үлкен бөлігі 40 жастың мөлшеріне тура келеді. Бұл кезде олардың балалары ер жетеді де, енді солар үшін ғана отбасын ажырасудан сақтап қалудың кажеттілігі болмайды, оның үстіне ерлі-зайыптылардың кез келгені басқа бір адаммен көңіл жарастырып, екінші отбасын құрауы мүмкін. Екеуара бас қосып, түтін түтеткен алғашқы бес жыл ішінде ерлі-зайыптылардың ажырасуы жиі кездеседі. Отбасында балалардың болуы некенің бұзылмауына тікелей ықпал етеді. Көп балалы отбасыларда, яғни 3-4 балалары барларда ажырасу пайызы басқаларға қарағанда әлдеқайда төмен болады.

Ажырасуға әкеліп соқтыратын себептерді негізінен үш топқа біріктіруге болады. Оның бірінші тобында - тұрмыстық ахуал, яғни баспана жағдайы, ерлі-зайыптылар арасында біреуінің үй шаруашылығын жүргізуге икемінің жоқтығы, немесе соған ықыласының болмауы, материалдық жағынан қамтамасыз етілмеуі, содан барып екеуінің еріксіз бөлек тұруы себепкер болса, екінші топта тұлғалар, яғни ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжіңдер мен содан туындайтын шиеленістер ықпал етеді. Дәлірек айтсақ, бұған махаббат сезімінің жойылуын, отбасындағы өрескелдікті, өмірге көзқарастың әр түрлі болуын, ерлі-зайыптылардың бірінің ауруға шалдығуын, қызғаншақтықты, күмәншылдықты жатқызуға болады. Осы топтағы ең басты алғышарттардың бірі - ерлі-зайыптылардың бір-біріне өрескелдігі мен өзара сыйласушылығы. Күйеулері маскүнемдікке салынған, әздеріне өрескел қылық көрсеткен, ұрып-соғып қорлаған, қорқытқан және т.б. әрекеттерге барған ер адамдардың әйелдері осы себептерге орай ажырасады. Ер адамдар үшін, әдетте, әйелдер өрескелдік танытса, онда бұл басқаша мазмұнға ие болады. Бұл дегеніміз — ең алдымен күйеуін сыйламау, оның қабілетіне сенбеу, оның не нәрсеге қызығатындығымен есептеспеу, өндірістегі немесе кәсіби кызметіндегі табыстары мен сәтсіздіктеріне немқұрайлы қарау, сөгіп - мұқату, ұсақ-түйек қамқорлық жасағансу, күйеуінің достарына құрметтің көрсетілмеуі және т.б. Екеуінің өмірге деген көзқарастарының әр түрлі болуы, мінез-құлықтың сәйкеспеуі деп аталатын алғышарттар, міне, тікелей осындай көріністермен ұштасып жатыр. Бұл әйелдерге қарағанда ер адамдар үшің аса маңызды. Үшінші топтағы себептерге сыртқы алғышарттарды, яғни ерлі-зайыптылардың теріс жолға түсіп, көзге шөп салуын, ажырасуға бірден-бір себепкер болған жаңа отбасын құруға ниеттерінің ауғандығын немесе жаңа сезімнің пайда болуын, бұған ата-аналарының және өзге де адамдардың араласуын жатқызуға болады.

Үшінші топтағы алғышарттардың бәрі де, әлбетте, бір-бірімен тығыз ұштасып жатады. Айталық, көзге шөп салу біреуіне екіншісінің көңіл аудармауының кесірінен туындаса, ал өрескелдік үй шаруасындағы келіспеушілік содан өрбіген ырың - жырыңдық және т.б. жағдайларға орай еріс алады.

Адамдар өз табиғатына орай отбасыларының ыдырауына әр түрлі тұрғыда қарайды. Зерттеушілердің жасаған тұжырымдары мен берген бағасына қарағанда еңбек белсенділігінің төмендеуі, жүйке стрессінің жоғарылау мүмкіндігі, психологиялық өзгеріске түсуі ажырасудың кеңінен тараған негізгі себептері болып табылады.

Демек, некенің тұрақсыздығы отбасын құрамын деушілер үшін де және отбасы ыдырағандар үшін де аса өткір проблемаларды алға тартады. Сонымен бірге ажырасуды тек жағымсыз құбылыс деп қарауға болмайды. Өйткені некені бұзу жөніндегі әркімнің еркіндігі отбасы - неке қатынастарындағы әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етудің бірден-бір құралы, олардың моральдық негіздерін сақтаудың тұғыры болып саналады. Әрине, ажырасу жөнінде берілген еркіндікті асыра пайдалану да жақсы емес. Себебі адамдардың әр жағдайға байланысты ажырасуының орын алуы табиғи құбылыс дейтін болсақ, онда ажырасуды негізсіз қаралай беруге де жол бермеу қажет.

Әлбетте, әр адам отбасы проблемасын жеке өзі шешеді. Іргетасым мықты болсын десең, оның негізінде, бұрынғы бабаларымыз айтқандай, шынайы махаббат, түсіністік, төзімділік жатуы керек. Кесе - шәйнек сылдырады екен деп бақан ала жүгіріскенше, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің қабағын баға білгені, бір-бірін айтқызбай-ақ кабактан түсінгені жақсы.

Ойымызды тұжырымдасақ, қазіргі отбасы - неке қатынастарында негізгі үш мәселенің басын ашып, бөле-жара қарауға болады. Оның біріншісі — отбасының тұрақтылығы проблемасы, екіншісі — бала туу мәселесі және үшіншісі — тұрмыс саласындағы проблемалар. Алайда, ажырасудың жоғары деңгейге жетуінің өзі некенің институт ретіндегі ыдырауы немесе жалпы отбасының дағдарысы да емес. Бұл жерде әңгіме отбасылық қатынастардың сапасы туралы ғана болып отыр. Отбасы қатынастарының сапасы оның типтері, онда қалыптасқан мінез-құлық, жүріс-тұрыс түрлері арқылы да анықталады.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы

Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки

Олимпиады «Весенне-летний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю

Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей

Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.

Подробнее