Қандыағаш қалалық №4 орта мектебі
Есалина Айнаш
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Етістіктің құрамына қарай түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Сөйлеу тілдерін жетілдіру. Шығармашылық іске жұмылдыру. Іздене білім алуға дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсат: Талдауға алынған мысалдар арқылы оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар етістіктің құрамына қарай түрлерін ажырата алады.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, топтастыру.
Көрнекілік: С.Исаев «Қазақ тілі» оқулығы
Сабақтың өту барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылармен сәлемдесу рәсімі;
-оқушылардың сабаққа қатысуы туралы кезекшінің мәліметі;
-оқу құралдарын ретке келтіру;
-сабақтың мақсаты айтылады.
ІІ Өткен тақырыптарға шолу жасау.
Сұрақ-жауап әдісі:
Етістік дегеніміз не?
Тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
Негізгі және туынды етістік дегеніміз не?
Туынды етістік жасайтын жұрнақтарда атап, мысал келтір.
«Қыс қызығы» тақырыбындағы оқушылардың әңгімелері тыңдалады.
ІІІ Жаңа сабақ:Дара және күрделі етістік.
Қысқаша түсінік беру:
Дара / Бір ғана түбірден тұрады/
Етістіктер
Күрделі /екі я одан да көп сөзден тұратын, бір ғана мағынаны білдіріп, бір ғана сұраққа жауап беретін,
Бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын етістіктер/
Тақтамен жұмыс:
Дара және күрделі етістіктерге байланысты тақтаға мысалдар жазып талдау:
Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды. /Ы.Алтынсарин/
Қозының жамырағанын байторының сақ құлағы бағана сезген.
/Оқушылар өздері етістіктерді сұрақ қою арқылы табады/
Жұрттар не істеді? –салғызды –баяндауыш
Нені сезген?-жамырағанын /толықтауыш/
Құлағы қайткен? –сезген-баяндауыш
Ауылда қосақтағы қойлар маңырап жатыр екен. Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен.
Қойлар қайткен?-маңырап жатыр екен-
Қыз не істеген?-жамап отыр екен.
Ескерту: күрделі етістіктің құрамындағы бірінші етістік негізгі етістік болады да, кейінгісі оған көмекшщі етістік болады.
3.Оқулықпен жұмыс:
223-жаттығу: Мәтіндегі күрделі етістіктердің қалай жасалғанын көрсетіңдер.
еріп-дара етістік, жиылып отырды-күрделі етістік, жиылып-көсемше тұлғалы негізгі етістік, отырды-көмекші етістік.
Келдік-дара етістік.
Сағынғанын айтты-күрделі етістік, сағынғанын-есімше тұлғалы негізгі етістік, айтты-көмекші етістік.
Алып берді-күрделі етістік, алып-көсемше тұлғалы негізгі етістік, берді+көмекші етістік.
224-жаттығу: Мәтіндегі дара, күрделі етістіктерді теріп жазыңдар.
А)Сызбаны толтыр
Дара | Күрделі |
Тартты | Жүріп келе жатқан |
Ә) қарамен жазылған тіркестердің мағынасын аш:
көреген көзі-
лыпып тұрғандай-
4.Сабақты қорытындылау:
Етістік дегеніміз не?
Құрамына қарай түрлері, мысалдар келтір.
5.Үйге тапсырма:
1.Ережені түсініп оқу;
2.226-жаттығу: Берілген есім сөздерге жұрнақ жалғап, етістікке айналдырып жаз.
227-жаттығу: Берілген сөздердің қайсысы туынды, қайсысы негізгі етістік екенін анықтаңдар.
6.Бағалау.