«Весенне-летний фестиваль знаний 2024»

Технологиялық карта "Таным"

Технологиялық карта "Таным" Қоршаған ортамен таныстыру. Мектепалды даярлық класс.

Олимпиады: Дошкольникам "Азбука безопасности"

Содержимое разработки

Ақтөбе орта мектебі

Мектепалды даярлық класс тәрбиешісі

Куканбаева Светлана Алимовна


Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің түрі:«Қоршаған ортамен танысу»

Тақырыбы: Күн бізге не береді?

Мақсаты: Күннің жарығының адам үшін, жан-жануарлар үшін, өсімдіктер үшін пайдасы және зиянының қандай екендігін түсіндіру.

Балаларды суреттер арқылы өз ойларын жеткізуге үйрету.

Күннің жылуы арқылы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: «Көңілсіз және күліп тұрған» күннің суреттері, теллурий, жүректер, түрлі түсті қағаздар, магнитофон.

Алдын-ала жұмыс: 1) К.И.Чуковский «Ұрланған күн»

2) Табиғатқа бақылау жүргізу

3) «Қалай күнді ояттық?» ертегісі бойынша жұмыс.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы



1.Ұйымдастыру кезеңі.

Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, үлкен шеңбер жасайық.

  • Жасаған шеңберіміз неге ұқсайды?

  • Олай болса, деніміз сау болу үшін өз-өзімізді емдейік.

  • Қайырлы таң, көздерім, сендер ояныңдар. Қайрлы таң, құлақтарым, сендер ояныңдар.

  • Қайырлы таң, саусақтарым, сендер ояныңдар.

  • Қайырлы күн, сен де ояндың ба? Сәлеметсіздер ме?

  • Бүгінгі күніміз жақсы болуы үшін көңілді болайық, деніміз сау болсын, татулықпен, достықпен бәріміз тәрбиесағаты барысында бір-бірімізге тек жақсы көңіл сыйлайық.

  • Сәттілік тілейік... Мен саған бақыт тілеймін!Мен де саған бақыт тілеймін! т.б.



  • Шарға

  • Күнге

  • Жерге

  • допқа т.б.

көздерін уқалайды

құлақтарын уқалайды

шапақталайды


жымиып күледі



Жұмбақ жасыру.

Үлкен алтын табақтан, әлемге нұр таратқан, бұл не?

(Көңілсіз күннің суретін көрсету)

  • Балалар, қараңдаршы күн қандай болып тұр?

  • Ендеше күннің көңілін көтерейік.


  • Күн



  • көңілсіз, күн ренжіп тұр



Іздену

ұйымдастырушы




Жай музыка ойнайды.

  1. Ашық күн - жарқыра!

Көңілді болып көрінші.

Алқызыл көйлек киіп ап,

Шырайлы таң сыйлашы.

  1. Күлімде, күн, күлімде,

Бүлдіршіндер қуансын!

Қырдың көкшіл түгіндей

Қолдарына ту алсын.

  1. Күлімде, күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шат.

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ.

Әңгімелеу:

- Балалар, қараңдаршы күн енді қандай болып тұр?

  • Қалай ойлайсыңдар, күн бізге не үшін керек?

  • Өзінің жарығын, жылыуын беру үшін керек. Адамдарға, барлық тіршілік атаулыға, өсімдіктерге, ауадағы микробтарды өлтіру үшін керек.

  • Қалай ойлайсыңдар? Егер күн ұрланса немесе сөнсе не болар еді?

Эксперимент жасап көрейік.

  • Кәне, барлығымыз көздерімізді жұмып, ортаға жүрейік.

  • Не байқадыңдар?

  • Күн туралы біз қандай ертегі оқыдық?

«Ұрланған күн!» ертегісі.

  • Ертегіде крокодил не істейді?

  • Күннің оралуына кімдер көмекке келеді?

  • Крокодил дұрыс істеді ме?

  • Неге?

  • Ол нені ойламады?

Өзі де қараңғыда қалатынын ойламапты.

  • Тағы қандай ертегі оқыдық? Күн туралы тағы қандай ертегі білеміз?

«Күнді қалай ояттық?» ертегісі Ертегіні сахналау

Сергіту сәті.

Әңгімелеу. Күн мен Жердің макеті. Теллурий.

Күн – әлемдегі ең жарық және ыстық үлкен Жұлдыз.

  • Ал мынау жер макеті. Жердің пішіні қандай?

  • Жерде кімдер, нелер тұрады?

  • Күн жерді не істейді?




Балалар өлең жолдарын тыңдайды












(көңілді, қуанышты, ажарлы, алтын, жылы т.б.)


  • Қараңғы

  • Қорқынышты

  • сүрініп қалуға болады

  • суық болуы мүмкін

  • барлығы мұзға айналып кетер еді.

Күнді ұрлап алып кетеді.

Ормандағы аңдар.

Жоқ.

Ол барлығынан күнді қызғанды.



Ертегіні рөльдерге бөліп сахналайды


  • Дөңгелек.

  • Адамдар,барлық тірі жандар, өсімдіктер.

  • Жарық етеді, жылытады.



  • Күннің жарығымен бұның жартысы жарық, жартысы қараңғы болып тұр.

  • Неге? Қалай ойлайсыңдар?

  • Балалар, біз байқаймыз, жер үнемі айналып тұрады. Жер өзінің осінен бір айналып шыққанда жаңа күн басталады және 1 тәулік болады.

  • Бір тәулікте неше мезгіл бар?

Яғни, жер күнді де және өзінің осінен де айналады екен. (теллуриймен көрсету.)

Ойын «Күн мен түн» (музыка сүйемелдеуімен)

  • Салқын, суық болып, барлығы мұзға айналар еді, ал өсімдіктер жойылып кетер еді.

Сонымен жарықсыз, жылусыз өмір жоқ.

  • Күннің пішіні қандай?

  • Түсі қандай?

  • Күннің адамға қандай пайдасы бар?

Жазда күн ваннасын алуға болады.

10. Сурет салу «Күн» (толықтыруға болады)

11. Көрме ұйымдастыру.

Ең әдемі салған балаларды мадақтау.


Тәрбиешінің әнгімесін тыңдайды





(Таң,түс,кеш,түн.)

Балалар сұрақтарға жауап береді



Күн – табиғи дәрі, барлық ауадағы микробтарды өлтіреді)

Күнге ұзақ қыздыры-

нуға болмайды, бас киімсіз жүруге болмайды.)



Рефлексивті

коррекциялаушы




Әңгімелеу және пысықтау (қорытындылау)

  • Күн бізге не береді?

  • Күн тағы нелерге керек? (бөлме өсімдіктеріне, жануарларға, аңдарға, құстарға т.б.)

  • Күннің шуағынан олар өседі, жұпар иісін шығарады.

  • Жермен не болар еді, егер күн сөнсе?

12. Ойын. «Қуаныш жолы»

  • Қызыл түс - досқа деген қамқоршылық

  • Күлгін түс - жанұяға сүйіспеншілік

  • Сары түс - күнге құмарлық

  • Көк түс - өз-өзіңе сенімділік

  • Жасыл түс - табиғатқа деген сүйіспеншілік

Ұнатқан сиқырлы жүректерді алып, бір мезгіл жоғары лақтырып, «Рахмет!» «Қандай тамаша!»

«Қандай керемет!».... айбат!» ... әсем!» .... көркем!»... қызық!» т.б.

Кейбір балалардың өздеріне ұнатып алған жүректеріне байланысты сұрақ қою.

-Сабағымыз аяқталды.

-Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


.

Сұрақ жауап арқылы сабақты пысықтап балаларды мадақтау.







Балалар сабақтан алған әсерлерін айтады және қалаған жүрекшелерін жапсырады.

Нені білді :күннің пайдасын білді.

Қандай түсініктерді игерді: ертегінің мазмұның түсініп,сахналауды үйренді..

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері : әнгімелеуге, есте сақтау қабілеттерін дамыту.


«Күнді қалай ояттық?» ертегісі


Таң атпай әтеш тұрып айқайлады. «Ку-ка-ре-ку!» деп.

Оның даусынан тауық оянды. «Қыт-қыт-қыт!» деп.

Қаздар оянды. «Қақ-қақ-қақ!»

Сиыр оянды. «Му-му-му!» деп.

Бірақ күн оянбайды. Әтеш тағы айқайлады. «Ку-ка-ре-ку!» - деп.

Олар қатты қиналды. Сол кезде ағаштың үстінде отырған құс «чик-чик-чик» - деп күнді ояту үшін салқын мұзды алып жоғары қарай ұшады. Кішкентай құс қатты тоңса да, бірақ күнге ұшып жетеді. Ұйықтап жатқан күннің көпшігіне мұзды қояды. Мұз сол кезде тез еріп, суы кішкентай құстың төсіне ағады. Төсі қызғылт-сары болып қалады. Сол күннен бастап, кішкентай құсты қысқы-шымшық деп атап кеткен. Ал күн болса ұйқысынан оянып, барлық жерге жарық етіп, нұрын төгеді.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Весенне-летний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее