«Весенне-летний фестиваль знаний 2024»

"Санның пайызын табу. Пайызы бойынша санды табу"

Ашық сабақ "Санның пайызын табу. Пайызы бойынша санды табу". География пәнімен байланысты.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Пәні: Математика

Күні: 25.04.2016

Сыныбы: 5 «А»

Сабақтың тақырыбы: Cанның пайызын табу және пайыз бойынша санды табу.

Сабақтың мақсаттары:

  • Білімділік: Cанның пайызын табу және пайыз бойынша санды табу,бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше процентін құрайтынын табу жолдарын үйрену, есеп шығару білім, икем дағдыларын жетілдіру, оқушылардың алған біліміндерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу.

  • Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің жоғары

болуына ізденушілікке баулу. Оқушылардың белсенділігін, зейінін,

ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Тәрбиелік: Оқушыларды елжандылыққа, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа,

ұқыптылыққа баулу, ұжымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабағы

Сабақтың көрнекіліктері: Ғаламшарлардың суреттері, слайд, сөзжұмбақ, кестелер.

Пәнаралық байланыс: география

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Топтық жұмыс

IV. Сөзжұмбақ

V. Шығармашылық есеп

VI. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Cәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу

3. Сабақтың мақсатын нұсқау

Біз бүгінгі сабағымызды әуе кеңістігінде математика әлемін шарлайтын боламыз, ғаламшарларға тоқталамыз.

Балалар ғаламшарлардың аттарын атаңдаршы?(Жер, Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон) Зымыранды Қазақстандағы ғарыш айлағы Байқоңырдан ұшырамыз. Зымыранды іске қосу үшін 4 алау отына жазылған сұрақтарға жауап береміз.

І ғаламшар: Жердің тапсырмасы

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау

1.Процент дегеніміз не?
2.Процент бөлшекпен қалай жазылады?
3.Бөлшек процентпен қалай жазылады?

4.Берілген санның 1% қалай табамыз ?

ІІІ. Жаңа сабақ. (Меркурий)

ІІ ғаламшар: Меркурий – күнге жақын орналасқан, күнді 88 тәулікте айналып өтеді. Меркурий бізге жаңа сабақты түсіндіруге көмектеседі.

Санның процентін табу Проценті бойынша санды табу формуласы: Әрбір ғаламшар әдемі сөздерді сыйға тартып отырады. Меркурий ғаламшары бізге «Тәуелсіздік» сөзін сыйға тартады.

ІІІ ғаламшар: Шолпан – 108 млн. Метр қашықтықта орналасқан. Күнді 225 тәулікте айналып өтеді. Ең жарық ғаламшар.

Мұнда Ой қозғау стратегиясы:

1.Берілген санның пайызын қалай табамыз? Формуласын жаз.

2.Проценті бойынша санды қалай табамыз?Формуласын жаз.

Шолпан ғаламшары «ел» сөзін сыйлайды.

IV ғаламшар: Марс – Жерден екі есе кіші. Күнді 687 тәулікте айналып өтеді.

Топтық жұмыс:

1573. Процентін табыңдар:

1)30,57,125,200,250,310 сандарының 10% -ін;

2)16,24,72,96,114,400 сандарының 50% -ін;

3) 28,36,68,100,232,360 сандарының 25%-ін.

1574.

1)Құлпынайдың 6% -і қант. 35кг құлпынайда неше кг қант бар?

2) Картоптың 18%-і крахмал. 25 кг картопта неше кг крахмал бар?

Марс ғаламшары бізге «тірегі» сөзін сыйлады.

V ғаламшар: Юпитер Шолпаннан кейінгі екінші жарық ғаламшар. Жерден 11,5 есе үлкен. Бұның тапсырмалары оқулықпен жұмыс.

1601. Проценті бойынша санды (100%-ін) табыңдар:

  1. 3%-ті 12;15;21;24;36

  2. 10%-і 0,4;8,5;9,25;12,7;28;

  3. 60%-і 42; 72;84;102;114;

Юпитер «білімді» сөзін сыйға тартады.

VI ғаламшар: Сатурн Жерден 9,5 есе үлкен. Оның тапсырмасы: Сөзжұмбақ «Процент». Сыйлығы «дарынды» сөзі.

VII ғаламшар: Уран, ол Күнді 84 жылда айналып өтеді.

Тапсырмасы: Шығармашылық есеп.

І топқа:

А: 270-тің 25%-ін

Г: 320-ның 18%-ін

Р: 110-ның 13%-ін 

Н: 850-дің 24%-ін

И: 740-тың 35%-ын табыңдар.


37,6

67,5

57,6

67,5

14,3

259

204

Г

А

Г

А

Р

И

Н

II топқа:

Қ: 250-дің 80%

А: 900-дың 45%

Т: 800-дің 50%

О: 860-тың 35%

Р: 250-дің 20%


400

301

200

400

405

50

Т

О

Қ

Т

А

Р

Жауаптарын дұрыс сәйкес тауып кестеге толтырғанда ғарышқа ұшқан ғарышкерлердің аты-тегі шығады.

Бұл ғаламшар бізге «өнегелі» сөзін сыйлайды.

VIII ғаламшар: Нептун. Нептунды ХІХ ғасырда француз ғалымы Урбен Леверье және ағылшын ғалымы Джон Адамс ашты. Нептун бізге сыйлыққа «ұрпақ» сөзін берді.

IX ғаламшар: Плутонға барамыз. Плутон бізге үй тапсырмасын береді.

Үйге № 1575,1602 есеп.

Соңында әр ғаламшардың тарту еткен сөздерін оқиық.

«Тәуелсіз ел тірегі – білімді, дарынды, өнегелі ұрпақ» деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзі шықты.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Весенне-летний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее