«Весенне-летний фестиваль знаний 2024»

Оқушыларды шығармашылыққа баулу әдістемесі

Оқушыларды шығармашылыққа баулу әдістемесі

Бүгінгі ұрпақ – тарихи кезеңде өмір сүріп, ұлттың, елдің, жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап отырған ұрпақ. Ғасырлар бойы бабаларымыздың арманына айналған Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егемендікті еншілеген ұрпақ. Олардың болашақта ұлттық дәстүр мен салт - сананы берік сақтайтын, саналы да парасатты болып өсуінің бір кілті ұстазда деп білеміз.

Нағыз ұстаз қай ғасырда да - ұстаз болып қала бермек. Ұстазға қойылатын талап мен тілек қашан да ортақ. Ол - Білімділік, Имандылық, Парасаттылық. Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік, негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру - жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Жаңа типті қазақ мектептеріне өз халқының әдет - ғұрпын, тарихын жақсы білетін, өмір ағымын жете түсінетін, ойшыл, білімді, жаңалыққа жаны құмар ұстаздар керек.

Қазіргі таңда жас ұстаздардың қазақ тілін жетік меңгерсе де, тіл байлығының жұтаңдықтары сезіледі. Сөз сөйлей білу, оны шәкірттеріне жеткізе білу, шешендік қабілет – ұстаздың ең басты қасиеттерінің бірі. Бірінші сыныптан бастап оқушыға тіл ерекшеліктерін, оның қыры мен сырын түсіндіруімен қатар, оның адамгершілікке баулу жақтарын үйретіп, үлкенді сыйлау кішіге қамқорлық, бауырмалдық сияқты асыл қасиеттерін бойына сіңіруі керек. Әрқашан да ана тілінің рөлі айрықша. Сондықтан да халқымыз «Ана сүті – бой өсіреді, ана тілі - ой өсіреді»- деген. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі сөз өнерінің асыл қазынасын жете меңгеруге және сол тілде әдеби таза сөйлеуге міндетті. ХІ ғасырдағы түркі ғалымы Махмұт Қашқари: «Тәрбие басы - тіл» десе, заманымыздың белгілі ақыны О. Сүлейменов: «Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы - сөз» дейді. Жастарды тәрбиелеуде оның құдіретті күшін пайдаланудың зор маңызы бар. Егер тілге жете мән бере қарап, ана тіліміздің барлық байлығы сарқа пайдалансақ, бұл міндетті абыроймен атқаруға болады. Тәуелсіздік елімізге көзқарасты түбегейлі өзгертті, үлкен бетбұрыс жасады. Жастарды оқыту, тәрбиелеу қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаздар алдында тұрған ең басты, жауапты міндет. Білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат – жан - жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой - талғамы бар, адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында қоғамды ізгілендіру, яғни адамдар арасында бірін - бірі сыйлау, көмектесу, қамқорлық жасау сияқты адамгершілік тәрбие негіздерін оқушының дүниетанымдағы басты құндылықтар ретінде қалыптастыру қажеттілігі айтылған. Қазіргі таңда өзімнің сабақ өткізу бағытында сабақтың сапасын мазмұнын, әдістерін жаңа деңгейге мүмкіндігімізше көтеруге тырысамын. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқушылардың алатын білім сапасын оқыту дәрежесіне тәуелді. Еліміздің ертеңі, өрімтал ұрпағымызды өз ұлтын сүю, ата - баба рухын, салт - дәстүрін құрметтеуге үйрету ұстаздың міндеті. Ұстаздық шеберліктің сынға түсетін сәті де - осы кез. Оқушы жанын дүр сілкіндірер қолайлы тың деректер, оқиғалар, естеліктер мұғалімнің ұтымды ой - пікірлері арқылы астасып жатуы керек. Міне, сонда ғана шығармашылық процеске бастайтын шығармашылық көңіл күй туады. Сабақта балаларға ауыр болады деп кейбір теориялық – практикалық міндеттерден бас таруға болмайды. Адамзат жинаған мәдени құндылықтардың бәрінен оқушыны бейтарап қалдырмай, сабақ максималды таным, білім, білік, дағдыны дамытуға құрылуы тиіс. Мен өзім әдебиет сабағында оқушы бойындағы әдеби шығармашылық қабілетті оятуға түрткі ретінде әр түрлі әдістемелік тәсілдерді оқыту – жаңа технологияның озық идеяларын пайдаланып, іске асыруды күн тәртібіне қойдым. Көркем мәтін бойынша дамытыла жүргізілетін шығармашылық жұмыстардың түрлерін: а) автор стиліне жақындап, еліктей отырып шығармашылық жұмыс жүргізу, ә) көркем мәтін ішіне авторлық идеяға, оқиғаға, кейіпкерлер табиғатына өзгеріс әкелмейтіндей «өз мәтінін» енгізу, б) кейіпкерлердің мәтінде жоқ монолог диалогын жазғызу, в) мәтіндегі кейіпкерлердің портретін өзі жасау, тура мінездеуді толықтыру, е) автордың шығармасындағыдан басқадай тың көркемдік шешім табу, оқиға құру т. с. с.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Оқушыларды шығармашылыққа баулу әдістемесі



Бүгінгі ұрпақ – тарихи кезеңде өмір сүріп, ұлттың, елдің, жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап отырған ұрпақ.
Ғасырлар бойы бабаларымыздың арманына айналған Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егемендікті еншілеген ұрпақ. Олардың болашақта ұлттық дәстүр мен салт - сананы берік сақтайтын, саналы да парасатты болып өсуінің бір кілті ұстазда деп білеміз.

Нағыз ұстаз қай ғасырда да - ұстаз болып қала бермек. Ұстазға қойылатын талап мен тілек қашан да ортақ. Ол - Білімділік, Имандылық, Парасаттылық.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік, негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру - жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі.
Жаңа типті қазақ мектептеріне өз халқының әдет - ғұрпын, тарихын жақсы білетін,
өмір ағымын жете түсінетін, ойшыл, білімді, жаңалыққа жаны құмар ұстаздар керек.

Қазіргі таңда жас ұстаздардың қазақ тілін жетік меңгерсе де, тіл байлығының жұтаңдықтары сезіледі. Сөз сөйлей білу, оны шәкірттеріне жеткізе білу, шешендік қабілет – ұстаздың ең басты қасиеттерінің бірі.
Бірінші сыныптан бастап оқушыға тіл ерекшеліктерін, оның қыры мен сырын түсіндіруімен қатар, оның адамгершілікке баулу жақтарын үйретіп, үлкенді сыйлау кішіге қамқорлық, бауырмалдық сияқты асыл қасиеттерін бойына сіңіруі керек. Әрқашан да ана тілінің рөлі айрықша. Сондықтан да халқымыз «Ана сүті – бой өсіреді, ана тілі - ой өсіреді»- деген.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі сөз өнерінің асыл қазынасын жете меңгеруге және сол тілде әдеби таза сөйлеуге міндетті.
ХІ ғасырдағы түркі ғалымы Махмұт Қашқари: «Тәрбие басы - тіл» десе, заманымыздың белгілі ақыны О. Сүлейменов: «Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы - сөз» дейді.
Жастарды тәрбиелеуде оның құдіретті күшін пайдаланудың зор маңызы бар. Егер тілге жете мән бере қарап, ана тіліміздің барлық байлығы сарқа пайдалансақ, бұл міндетті абыроймен атқаруға болады.
Тәуелсіздік елімізге көзқарасты түбегейлі өзгертті, үлкен бетбұрыс жасады. Жастарды оқыту, тәрбиелеу қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаздар алдында тұрған ең басты, жауапты міндет.
Білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат – жан - жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой - талғамы бар, адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында қоғамды ізгілендіру, яғни адамдар арасында бірін - бірі сыйлау, көмектесу, қамқорлық жасау сияқты адамгершілік тәрбие негіздерін оқушының дүниетанымдағы басты құндылықтар ретінде қалыптастыру қажеттілігі айтылған.
Қазіргі таңда өзімнің сабақ өткізу бағытында сабақтың сапасын мазмұнын, әдістерін жаңа деңгейге мүмкіндігімізше көтеруге тырысамын.
Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқушылардың алатын білім сапасын оқыту дәрежесіне тәуелді. Еліміздің ертеңі, өрімтал ұрпағымызды өз ұлтын сүю, ата - баба рухын, салт - дәстүрін құрметтеуге үйрету ұстаздың міндеті. Ұстаздық шеберліктің сынға түсетін сәті де - осы кез. Оқушы жанын дүр сілкіндірер қолайлы тың деректер, оқиғалар, естеліктер мұғалімнің ұтымды ой - пікірлері арқылы астасып жатуы керек.
Міне, сонда ғана шығармашылық процеске бастайтын шығармашылық көңіл күй туады. Сабақта балаларға ауыр болады деп кейбір теориялық – практикалық міндеттерден бас таруға болмайды.
Адамзат жинаған мәдени құндылықтардың бәрінен оқушыны бейтарап қалдырмай, сабақ максималды таным, білім, білік, дағдыны дамытуға құрылуы тиіс.
Мен өзім әдебиет сабағында оқушы бойындағы әдеби шығармашылық қабілетті оятуға түрткі ретінде әр түрлі әдістемелік тәсілдерді оқыту – жаңа технологияның озық идеяларын пайдаланып, іске асыруды күн тәртібіне қойдым.
Көркем мәтін бойынша дамытыла жүргізілетін шығармашылық жұмыстардың түрлерін:
а) автор стиліне жақындап, еліктей отырып шығармашылық жұмыс жүргізу,
ә) көркем мәтін ішіне авторлық идеяға, оқиғаға, кейіпкерлер табиғатына өзгеріс әкелмейтіндей «өз мәтінін» енгізу,
б) кейіпкерлердің мәтінде жоқ монолог диалогын жазғызу,
в) мәтіндегі кейіпкерлердің портретін өзі жасау, тура мінездеуді толықтыру,
е) автордың шығармасындағыдан басқадай тың көркемдік шешім табу, оқиға құру т. с. с.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Весенне-летний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее