«Весенне-летний фестиваль знаний 2024»

"Алтын күз" мерекелік шара

Сценарий мероприятия для детей дополнительного образования

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

«Алтын күз» күзгі каникул кезінде өткізілетін ойын – сауық бағдарламасының сценариі

Шараның мақсаты:

Күз туралы білімдерін ұштастыру арқылы табиғатты сүйе білуге, топпен жұмыс жасауға, қоғамдық ортада өзін – өзі ұстай білуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Өткізілетін уақыты: 08.11.2012 жыл сағат: 11.00

Өтетін орны: Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі

Зейін сигналы

Ортаға жүргізуші шығады.

Жүргізуші:

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай,

Денең мұздап тонады

Айтшы Наурыз

Бұл қай кезде болады?

Жүргізуші:

Қазан болды молшылық,

Дәулет қорын қалады.

Заңғар көкке жол сызып,

Құстар қайтып барады.

Бұл құбылыс құрбыжан

Күзде ғана болады.


Жүргізуші:

Көк аспаным мөлдіреп

Шуақты көзім елжіреп

Асыр салып жүретін,

Сары көйлегім желбіреп.

Айтшы Наурыз

Бұл қай мезгілдің келгені?


Жүргізуші:

Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам

Дариядай шалқар күз

Мәншүк бұл Алтын күздің келгені


Жүргізуші:

Армысыздар Қымбатты ханымдар мен мырзалар!

Жүргізуші:

Қайырлы күн, Ұлағатты ұстаздар, жалынды да, жігерлі жас достарым.

Берекелі де, мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші:

Мінеки, табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз сары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді.

Жүргізуші:

Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше халайық келіп отырған Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін демекпіз.

Жүргізуші:

Олай болса, бүгінгі «Алтын күз» атты байқауымызға қатысатын үміркерлерді қошеметпен ортамызға шақырайық.

  • Халықтық би үйірмесі –жетекшісі Амирешева Гүлжан Макешевна

  • Домбыра үйірмесі –жетекшісі Ержанова Айнагүл Жұмаханқызы

  • Көркем сурет студиясы – жетекшісі Ташимова Тұрсынай Исмагуловна

  • Изостудия - руководитель кружка Ильясова Гульнар Садирдиновна

  • Домбыра үйірмесі – Әлібаева Ботагөз Масхутовна

  • Кружок современного эстрадного танца – руководитель кружка Черепивская Елена Олеговна

  • Шебер қол үйірмесі – жетекшісі Күзембаева Мейрамгүл Уналбековна

  • Ағылшын тілі үйірмесі - жетекшісі Бисенова Айжангүл Нұрлановна

(Шақырылған үйірмелер ортаға шығып тұрады)

Жүргізуші:

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл... дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

  • Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі директорының орынбасары Саягүл Өмірзаққызы Қайырбекова

  • Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйінің кәсіподақ комитетінің төрайымы Қуаныш Сердалықызы Ракишева

  • Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі әдістемелік бөлім әдіскері Зоя Жаксылыковна Карагулова

Жүргізуші:

Әділқазылар есіне! Үйірмелердің бағасын жеке – жеке шығарады. Ең төменгі бал – 3, ең жоғарғы бал – 5.

Жүргізуші:

Құрметті көпшілік көрерменім,

Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.

Ақжол тілеп үкілі үміттерге

Таныстыру шартына кезек бердім.

Жүргізуші:

Ендеше, бірінші шартымыз. Үйірмелеріміздің өздерін таныстыруы.

І – кезең Таныстыру

Жүргізуші:

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыста бәйге алуға,

Үміткерлер, аянбай – ақ ат салыпты.




Жүргізуші:

Баршаға өнер сүйер жар саламыз,

Үкілі үміттерді қарсы аламыз.

Күйге енейік баршамыз ерекше бір

Сіздер үшін би билеп, ән саламыз

Құрметті көрермендер ендігі кезекте үйірмелеріміздің дайындап келген өнерлерінің куәсі болуға шақырамыз.

ІІ кезең Өз өнерін көрсету

Жүргізуші:

1-ші кезең топтарды таныстыруға бағаларыңызды көрсетіп жіберсеңіздер.

Жүргізуші:

2- ші кезең өз өнерлерін көрсетуге берген бағаларыңыз.

(екі кезеңнің де бағалары көрсетіледі).


Жүргізуші:

ІІІ –ші «Табиғат таңғажайыбы» кезеңіне кезек берейік

Жүргізуші:

Бұл кезеңде біз көкөністерден түрлі бұйымдар жасаймыз. (Ортаға үстелдер әкелініп, сол жерде өздері алып келегн көкөністерден бұйымдар жасалады).

Сонымен ортаға топтарды шақырамыз, қошеметпен қарсы алыңыздар және бұл сайысқа 3 минут уақыт беріледі.

ІІІ кезең «Табиғат таңғажайыбы»

Жүргізуші:

«Табиғат таңғажайыбы» кезеңінің бағасын көрсетіп жіберсеңіздер.


Жүргізуші:

Ал, сайыскер сайысқа қалайсыңдар?

Сендер өтер әлі де талай сын бар.

Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп,

Жауап берсең сұраққа жарайсыңдар.

Жүргізуші:

Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.

Жауаптарын табар ма екен үміткерлер

Сол себептен қоятын сұрақтар бар.

(әр үйірме кезекпен сандықшадан тапсырма алып, тапсырма алып болғаннан кейін бірінші келіп суырған үйірме келіп жауап береді.).


  1. Жеті қазынаны атаңыз? (ержігіт, сұлу әйел, берен мылтық, құмай тазы, қара қазан, жүйрік ат, қыран бүркіт)

  2. Мақалды жалғастыр

Атаңның баласы болма .... (адамның баласы бол)


  1. Күзгі жиын терім біткенде тойланатын той қалай аталады? (Сабантой)

  2. Мақалды жалғастыр

Білекті бірді жығар, ...(білімді мыңды жығар)


  1. Жеті атаны атаңыз? (ата, әке, немере, шөбере, шөпшек, немене)

  2. Мақалды жалғастыр

Қына тасқа бітеді, ....(ақыл басқа бітеді)


  1. Қарабай Сарыбаймен аңға шықты деп басталатын жырдың кейіпкерлері кімдер?

(Қозы Көрпеш – Баян сұлу)

  1. Мақалды жалғастыр

Шешен сөз бастар, ....(батыр қол бастар)


  1. Бір топ аттылар тартыспағын қазақта қалай атайды? (Көкпар)

  2. Мақалды жалғастыр

Әке көрген оқ жонар, ... (шеше көрген тон пішер)


  1. Үш арсызды ата (ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз)

  2. Мақалды жалғастыр

Әдепті бала арлы бала, ... (әдепсіз бала арсыз бала)


  1. Назовите осенние месяцы? (сентябрь, октябрь, ноябрь)

  2. Делу время, .... а потехе – час.


  1. Чем славится осень? (урожаем)

  2. Что посеешь, ..... (то и пожнёшь)


ІҮ кезең Білгенге маржан

Жүргізуші:

Ұлт тәрбиесінде дана халқымыз қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән берген. Қазақ қызы сөзі сыпайы, өзі әдепті, терең ойлы болумен қатар, он саусағынан өнер тамған шебер болуы тиіс. Сонымен қатар «Жігітті тәрбиелеген – әскерді тәрбиелейді, қызды тәрбиелеген - ұлтты тәрбелейді» деген ғой дана халық. Халықтың рухын, намысын, арман – үмітін арқалайтын жігіттеріміз ұлттық тәлім – тәрбиенің тағылымдарын бойына сіңіріп, Отанымыздың үмітін ақтайтыны сөзсіз.

Жүргізуші:

Олай болса,келесі кезеңде ас мәзірін дайындаудағы «арулар фантазиясын» және ұлдарымыздың ой ұшқырлығын байқап көрсек.

Ендігі кезекте мерекелік дастархан мәзірі. Бұл кезеңде сайыскерлеріміз алдын – ала дайындалған рецептер бойынша «қил асын» дайындап әкелу керек болатын.


Ү кезең Мерекелік дастархан мәзірі


Жүргізуші:

Келесі кезеңде үйірме арасынан бір қатысушы шығып өзінің шапшаңдығы мен ептілігін көрсетуі тиіс.

Жүргізуші: Ортаға әр үйірмеден бір – бір оқушыдан шақырамыз.

Жүргізуші: Бұл сайысқа 1 минут уақыт беріледі. Сонымен ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар!

(ортаға сайыскерлерге көкөніс беріліп кім шапшаң әрі епті екенін байқайды. Сайысқа бір минут беріледі. Сайыскерлер шапшаңдықтарын байқау кезінде музыка ойналып тұрады).

ҮІ кезең Шапшаңдық пен ептілік

Жүргізуші:

Сәнімен күздің көркін көрікті етіп,

Бір қыз өтіп барады желіп кетіп.

Иығына төгілген қара шашы,

Жан біткенді өзіне еліктетіп.


Жүргізуші:

Бар сұлулық құйылған бір басына,

Жарасып – ақ тұр бәрі сұлбасына.

Бетін шымшып жайратып күз салқыны,

Еркелейді еріксіз сырласына – дей келе бірінші сайыскерлерімізді Сән үлгісі кезеңіне шақырамыз.

Жүргізуші:

Бірінші сән үлгісін қарсы алыңыздар!

(үйірме мүшелері сән үлгілерін кезектесіп көрсетіп жатқанда әуен қосылып тұрады).


ҮІІ кезең Сән үлгісі

Жүргізуші:

Әділқазылар алқасы өз шешімдерін дайындап, ұпай сандарын есептегенше Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйінің хореография үйірмесі қыздарының өнерін тамашалаңыздар.

Би қойылады №

Жүргізуші:

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,

Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.

Жүргізуші:

Келешекте әлі талай сайыс бар,

Өнерлерің шындалсын қалыспаңдар.

Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,

Өмір күрес әлі талай жарыстырар .... дей отырып, «Алтын күз» байқауының жеңімпаздарын жариялау үшін ортаға әділқазылар алқасын шақырамыз.


Әділқазылар алқасы жеңімпаз үйірмелерді атап оларды марапаттайды (І, ІІ, ІІІ) және қалған орын алмаған үйірмелерге қатысқаны үшін алғыс хаты немесе шағын естелік сыйлықтары беріледі.


Жүргізуші:

Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.

Жүргізуші:

Тамашалағандарыңызға рахмет. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын. Сау болыңыздар.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Олимпиады «Весенне-летний фестиваль знаний 2024»

Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее